|    |  
21 қараша 2019
05:56
қаз
Дәурен мен Ақбота бірге сұхбат беріп, қалай қосылғандарын айтты
28 қазан 2019, 10:32 175
Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейтмағамбет «Той жыры» бағдарламасында бір-біріне деген сезімдерінің қалай пайда болғандарын, қарым-қатынастары қалай өрбігендерін айтты.


 
«Біз кастинг кезінде таныстық. Одан кейін «Гламур для дур» фильмінің түсірілімі басталып, сол жерде жақын араласып, таныстық. Таныстығымызға 2-3 ай толғанда бір-бірімізге сезіміміз бар екенін біліп, ара-қатынасымыз жақындай түсті. Бірақ Ақбота бастапқыда қарым-қатынасымызды осы жерден тоқтататайық деп талай рет айтты. Бірақ мен қоймадым. Алғашқыда ата-анамыз да, халық та, ешкім түсінбей қалды. Бірінші отбасымнан 3 балам бар. Бұл қалай деді бәрі. Соңында мешітте неке қидық»-дейді Дәурен Айдарқұлов.

«Арамыз 14 жас. Бірақ жас айырмашылығымыз аса білінбейді. Басында мен бұл кісіні аға көріп, аға деп жүретінмін. Кейін ағалы-қарындасты қарым-қатынасымыз достыққа, достық сезімге, сезім үлкен семьяға айналды ғой. Бұл кісі мен үшін қазір аға да, бауыр да, әке де, жолдас та, дос та, балаларымның әкесі де»-дейді Ақбота Нұр.
 
Дереккөз: Reactor
 
 


Жаңалықтар