20 Август
06:21
Астана: 11 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Мәдениет
17 шілде 16:43
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Дәурен мен Ақботаның отбасындағы шындықты директоры айтып берді
Ақбота Сейтмағамбеттің инстаграмдағы отбасы туралы мәлімдемесінен кейін ақапаратты толығырақ білмек болып, Stan.kz  тілшісі хабарласқан. 



Әншінің директоры Ақботаның қазіргі өмірінен барлық шындықты баяндап берді.

“Ақбота тікелей эфирде оқырмандарымен тілдесіп отырған сәтте Дәурен бірінші отбасындағы балаларының жанында болған. Ол Ботамен бірге тұрады. Тек арасында балаларына барып тұрады. Қазір Ақбота мен Дәуреннің қарым-қатынасы жақсы. Бәлкім желі қолданушылары Ақботаның сөзін дұрыс түсінбей қалған шығар”,-деді  Даяна.

Демек жас әнші актермен ажырасқан жоқ. Ол тек оның бұрынғы отбасымен қарым-қатынасын сақтауына өзі ниетті екенін жеткізбек болған. Бірақ жұлдызды жұптың әлеуметтік желі парақшаларында бір-бірінің оқырманы емес екені рас.

Жеке өмірден бөлек әншінің директоры жақында ғана ана атанған Ақботаның шығармашылықты қолға алып жатқанын айтып өтті.

«Ол топтан шыққаннан кейін өзінде ешқандай жеке ән болған жоқ. Қазір жаңа әндерді жаздыру үстінде»,-дейді Ақботаның директоры Даяна.
 
нравится:    1794
Теги: Жұлдыздар әлемі, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии