16 Декабрь
07:16
Астана: -22 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Туризм
11 қараша 15:46
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Дайв-туризм ерекшеліктері
Дайв-туризм ағылшын тілінен аударсақ судың астына сүңгу болады.

Дайвинг

Дайвинг Жак-Ив Кусто мен инженер Э.Ганьян ойлап жасаған автономдық акваланг (1945 ж.) арқасында пайда болды. Қазір әлемде сертификацияланған 20 млн әуесқой дайвер бар. Сүңгудің соңғы 200 жылғы тарихы мынадай.

1825 ж. – ағылшын В.Джеймс сүңгу жүйесін жасады. Оған сүңгу костюмы және қысымдағы ауа баллоны кірген.

1869 ж. – Жюль Верн «Судың астындағы 20000 лье» романында осындай аппарат идеясын насихаттайды.

1915 ж. – су астындағы алғашқы фильм түсіру («Судың астындағы 20000 лье».

1930-шы жж. – Францияда тұрған американ жазушысы Г.Гилпатрик пилоттың көзілдірігін терезе жамауымен судан сақтау әдісін табады.
1943 ж. – Жак-Ив Кусто мен инженер Э.Ганьян алғашқы тыныс аппаратын жасайды.
1950 жж. – Американың теңіз жағалауларында коммерциялық негізінде алғашқы сүңгулер басталады.
1951 ж. – Г.Хаастың «Су астына сүңгу және шытырман оқиғалар» атты романы шығады. Онда сүңгу кәсібі қызықты түрде насихатталады.
1958 ж. – су астындағы аң аулау бойынша алғашқы әлем чемпионаты.
1960 ж. – «Триест» батискафы Мариан шұңғымасына түседі.
Спортивный туризм - Дайвинг, фото
ХХІ ғасырдың басы – дайвинг аймақтарының кеңеюі.

Дайвинг түрлері. Дайвингтің бірнеше түрі бар. Біреулері – кәсіби іс-әрекет, екіншілері – ойын-саық пен туризм. Біріншісіне коммерциялық және әскери дайвинг кіреді.

Спортивный туризм - Дайвинг, фото
Екінші топқа техникалық және спорттық дайвинг жатады. Осылардың ішінде мынадай дайвинг түрлерін атауға болады: мұз астындағы дайвинг, су астындағы спелеология, танымдық дайвинг, су астындағы фото-кино-видеотүсіру, спорттық аң аулау, су астындағы археология және т.б. Сүйікті түрлерінің бірі – түндегі дайвинг.

Дайвинг географиясы. Артықшылығы – бүкіл әлемдегі таралуы және маусымға байланысты болмауы. Негізі кез келген су астына сүңгуге болады: өзен, көл, теңіз, мұхит, үңгірлер, шахта, карьер т.б. Маршрут таңдау факторлары: көлік бағасы, климат, су температурасы, су астындағы тіршіліктің байлығы. Скандинавия мен Аляскада да дайв-орталықтары белсенді жұмыс атқарса да, аквалангистердің ең сүйікті жерлері тропик пен субтропик курорттары болып абылады. Дайв-туризмнің ең жақсы дамыған аймақтары: Оңтүстік-Шығыс Азия мен Мұхит Аралдары, Орталық Америка, Жерортатеңізі, Қызыл теңіз және т.с.с. Сауалнамалар бойынша, ең сүйікті жер – 1980-ші жылдарда Кусто Қоғамының іс-әрекеті арқылы белгілі болған Малайзия, оның ішінде дайв-туристерді көп қызықтыратын аралдар – Лабуан, Лайанг-Лайанг, Сипудан, Тиоман және Реданг.

Тынық мұхитындағы ең белгілі аудан – Фиджи, Галапагос және Вануату аралдары. Фиджи аралында Ж.-М.Кусто дайв орталығы орналасады. Онда аквалангистерді оқытады, экологиялық турлар өткізіледі, видео-фототүсіру курстары бар.
Спортивный туризм - Дайвинг, фото

Ең атақты дайвинг аудандарына Үнді мұхитындағы Сейшел және Мальдив аралдары жатады.
Алтант мұхитындағы орталықтар – Багам аралдары, Кариб теңізіндегі Үлкен және Кіші Антил аралдары.
Ресей: Қара теңіз, Тынық мұхит жағалауы, Баренц және Ақ теңіз.

Спортивный туризм - Дайвинг, фото

Дереккөзі: http://info-tour.kz/
нравится:    1853
Теги: Саяхатшыларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии