|    |  
12 желтоқсан 2018
05:47
қаз
Дайвер өз басын қатерге тігіп, акуланы ажалдан құтқарып қалды
24 тамыз, 09:44 30



Аустралияда жүрекжұтқан дайвер акуланың аузынан ауды алып шығып, оны бір ажалдан құтқарып қалды. Видеоны WDTN ақпараттық порталы жариялады.

Дайвинг жөніндегі нұсқаушы өзінің шәкіртімен бірге елдің шығыс жағалауында су астында жүзіп жүріп, аузына пластик ау ілініп қалған акуланы байқап қалады. Ол жыртқышқа жақын жүзіп келіп, оның аузынан ауды ақырын ғана алып шығады. Кейінірек ол өзінің мұндай батыл қадамға бармаса акуланың бірте-бірте ауруға шалдығып, ажал құшуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Нәтижесінде дайвер де, акула да дін аман қалды.



Құмды жерді мекендейтін сұр акула тұйық мінезді болып келеді, алайда 1990 – 2011 жылдар аралығында акуланың бұл түрінің адамдарға 30 рет шабуылдағаны тіркелген. Акуланың бұл тұқымы браконьерлерден қатаң қорғауға алынған, себебі оның еті деликатес болып табылады, жақ сүйегі мен тістері кәдесый ретінде сатылады, ал оның бауырынан ерінге жағатын далап өндіру үшін пайдаланылатын май алынады.

Дереккөзі: lenta.ru
 


Жаңалықтар