19 Август
04:08
Астана: 12 °C
Алматы: 11 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
30 мамыр 10:46
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

ДДСҰ Зика вирусының қаупі салдарынан 2016 жылғы Олимпиада ойындарын көшіруден бас тартты


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Зика безгегі салдарынан Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарын шегеруді немесе көшіруді  сұраған ғалымдар мен медицина мамандарының ұсынысынан бас тартты, деп хабарлады  RT.
ДДСҰ хабарлағандай, спорттық шараны көшіру вирустың тарауын тоқтатпайды.  Халықаралық олимпиада комитеті Ойындардың орнын немесе уақытын өзгертетін себеп жоқ екенін айтқан, деп хабарлады  BBC.
Осыған дейін әлем бойынша 150 маман ДДСҰ бас директорының атына ашық хат жазған болатын.
«Рио-де-Жанейродағы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына қатысты алаңдап отырмыз.  1916, 1940 және 1944 жылдары Олимпиада ойындары тіпті бұл жарыстар ол кезде өтпеген.  Бұл қажетсіз тәуекел.  Риоға  500 мың шетелдік турист барып, вирус жұқтырып, оны туған жерінде таратуы мүмкін.  Бұл үлкен проблемаларды тудырады. Кейінге шегеруге болатын Ойындар үшін қауіпке бас тігу дұрыс емес», - деген хаттағы сөздерді РИА Новости келтірді.
 
нравится:    756
Теги: Денсаулық, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии