13 Декабрь
11:23
Астана: -24 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Туризм
19 қазан 15:51
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Демалыс кезінде қонақ үйді қалай таңдау қажет?
Жақсы демалыстың негізгі мәселесінің бірі — орналасатын жерді дұрыс таңдау. Сізге ұнамаған қонақүй бүкіл демалысты бұзуы мүмкін. Сондықтан осы пунктке мән беру аса маңызды.

Тамақтану жүйесі 

Қонақүйден не күтесіз?
Бірінші кезекте қонақүйдің қандай болғанын қалайтыныңызды анықтап алыңыз. Номер, қызмет көрсету түрі, тамақтандыру, ойын-сауықтыру, қосымша қызметтер — барлығы да саяхатыңыздан алған әсеріңізге ықпал етеді.
Егер баламен бара жатсаңыз, барынша әрбір детальға мән беріңіз. Алдын-ала таңдаған қонақүйде балалар үшін анимациялық бағдарламалар, аттракционды парктер, бала күтушілер қызметінің бар екендігін анықтап алыңыз. Егер экскурсиялық турға барсаңыз, қонақүйдің орналасуына, барлық көрнекі орындарға қаншалықты жылдам жете алатындығыңызға мән беріңіз. Бұл кезде қонақүйдің қандай деңгейде екендігі, санаты аса маңызға ие болмайды, себебі сіз ол жерге тек түнеу үшін ғана келесіз.
Сіз бара жатқан елдегі қонақүйдің ерекшеліктерін де біліп алған жақсы. Испания немесе Италиядағы жағажай демалысы кезінде қонақүйде үнемі болу қарастырылмаған. Сондықтан ол жерде анимация да, қосымша түрлі қызметтер де жоқ.
КурортКурортты таңдағанда ол жердің жастар үшін қаншалықты дұрыс таңдау болатындығын немесе орта жастағы адамдар үшін қаншалықты жарайтындығына назар аудару қажет.

Отбасылы немесе өздігінен саяхаттаушы туристер орналаса ма?

Ол жерге тек жағажай демалысы немесе денсаулықты қалпына келтіру үшін барады ма? Курорттағы инфрақұрылымының қандай екендігін, жергілікті мейрмахана мен дәмханалардағы таңертеңгілік ас/түскі тамақ/кешкі ас бағасын біліп алу артық болмайды.
Тұру бағасыДемалысты жоспарлау кезінде сіздің тұрғын-үйге қанша сома жұмсауға дайын екеніңізді есептеп алыңыз. Кейде 2* және 3* қонақүйлер арасындағы айырмашылық айтарлықтай емес, бірақ соңғыларында қосымша қызметтер бағасы қымбат болады. Жұлдыз көп болған сайын сапасы да жақсы деген заң бар. Бірақ қонақүйді таңдағанда жұлдыздығылынан бір сәт кері шегініп, сипаттамасы мен пікірлерге мән беріңіз.

Қонақүйдің түрі
Әлемде қонаүйлердің 30-дан астам түрі бар. Арасындағы ең танымалы «жұлдызды» жүйе болып табылады. Жұлдыздар отелдегі қызмет көрсету мен жайлылық деңгейін білдіреді. Жұлдыз көп болған сайын қонақүй де жақсы болып есептеледі. Бұл барлықтары үшін арналған ереже.

 

Бір жұлдыз – қонақүйдегі барлық номерлер бір типті, аумағы 8-10 шаршы метрден аспайды. Жуынатын бөлме бірнеше номерлер үшін ортақ. Теледидар холлда орналасқан. Бір жұлдызды қонақүйлердің қызметіне тамақтандыру кірмейді.
Екі жұлдызды қонақүйлерде бірнеше типтегі номерлер болады. Сіздерге таңғы ас ұсынады. Номерде міндетті түрде дәретхана мен сусебер болады.
Үш жұлдызды қонақүй аумағы 10-12 шаршы метр болатын номерде теледидар, мини-бар (не тоңазытқыш) болатындығына кепілдік береді. Мұндай қонақүйде қосымша қызмет көрсететін бірнеше нысандар болады: жаттығу залы, бассейн, сауна, массаж кабинеті, шаштараз, бизнес-орталық немесе конференция залы. Номерде міндетті түрде сусабын, сабыны бар жуынатын бөлме болуы керек.
Төрт жұлдызды қонақүйдегі қызмет көрсету және жайлылық деңгейі ортадан жоғары болады дегенді білдіреді. Қонақүйде тәулік бойы бар немесе мейрамхана жұмыс істейді. Сізге кір жуу бөлмесі, валюта айырбастау пункті, бизнес-орталық қызметін ұсынады. Сауна және бассейні бар фитнес-орталықтың болуы міндетті. Теледидар, телефон, мини-бардан бөлек номерде сейф, салқындатқыш және шашқа арналған фен болады. Номер аумағы 13 шаршы метрден кем болмайды.
Бес жұлдыз «люкс» класындағы қонақүйді білдіреді. Қызмет көрсету өте жоғары деңгейде. Сізді міндетті түрде швейцар қарсы алып, жүгіңізді арнайы тасушы қабылдайды. Мұндай қонақүйлерде номерлерге тәулік бойы қызмет көрсетеді, қалауыңыз бойынша таңғы ас немесе кешкі ас әкеліп береді. Стандартты қызмет түрінен бөлек эксклюзивті түрі де болады. Номер аумағы 16 шаршы метрден кем болмайды.

Атап өту керек, аталған жайлылық деңгейі барлық елдерде бірдей болмайды. Әр елдегі қонақүйлерді бөліп-жіктеу әртүрлі:
Грекия — әріптік белгілеулер, D  5*-ға тең. А-4*, В — 3*, С- 2*.
Ұлыбританияда жұлдызды классификация бар. 1* қонақүйдің өзінде жайлы демалыс үшін жағдай жасалынған. Жеке категориядағы үйлер үшін өзіндік белгілеулер болады. «Отбасылық» қонақүй — «алмаз», апартаменттер — «кілт».

Францияда жұлдызды классификация қарастырылған. Алайда мұнда сіз 5* қонақүй таппайсыз. Мұндай отелдер 4L (L — luxe) қызметіне теңестіріледі. 2-3* қонақүйлерді туристер алады. Қызмет көрсету деңгейі өте жақсы.
Италияда Франциядағы тәрізді элиталы қымбат курорттардан басқа жерде 5* қонақүй жоқ. 4L отелдері 5*-ға теңестірілмейді. Бұрынғысынша 4* болып қала береді, бірақ қызмет көрсету түрлері жоғары болады.
Түркияда жұлдызды классификация бар. Алайда төменгі санаттағы қонақүйлердегі қызмет көрсету сапасы нашар. Кейбір агенттіктер 2* қонақүйлерді ұсынбайды да. 3*-5* қонақүйлердегі ойын-сауық түрі, қосымша қызмет құны жалпы бағаға кіреді.
Малайзияда жұлдызды классификация жұмыс істейді, бірақ сервис қызметі біршама жоғары. Мысалы, 4* қонақүйдегі сервис еуропалық 5*-бен бір деңгейде.Бір санаттағы қонақүйлердегі қызмет түрі әр түрлі елдерде айырмашылыққа ие. Егер сіз Египет пен Түркиядағы кең бөлмелерге үйреніп қалсаңыз, Еуропада осы категориядағы басқаша жағдайға көнуге тура келеді.

Тамақтану жүйесі



BB — таңғы ас, HB — жартылай пансион (күніне 2 мезгіл тамақ), FB — толық пансион (күніне 3 мезгіл) және «All inclusive» жүйесі. Егер Еуропадан қонақүй таңдасаңыз сізге BB, HB или FB  жүйесін ұсынады. Әр қалада түрлі ұлттың асханасын ұсынатын дәмханалар болғандықтан тамақтану жағынан қиындық  көре қоймайсыз.
Егер оңтүстік курорттарда демалсаңыз, танымал «All inclusive» жүйесіне дайын болыңыз. Бұл жүйе Египет, Тунис, Түркия және бірнеше елдерде таралған.

Орналасу және шығу
Қонақүйге орналасқан кезде екі маңызды факторды есте ұстау керек: орналасу уақыты (check-in time) және шығу уақыты (check out time). Бұл екі параметр әрбір қонақүйдің таңдауына байланысты белгіленеді. Отелге орналасу 14:00-ден кейін басталады, номерді босату 11:00 — 12:00 аралығында жүргізіледі. Кейбір қонақүйлерде егер бос номерлер болса ертерек орналасуға мүмкіндік береді. Ал кешірек шыққаныңыз үшін қосымша ақы төлейіз.
Кейде бірнеше сағат кеш босатсаңыз, номердің бір күндік бағасын алады. Сондықтан алдын-ала уақытын белгілеп, жоспардан ауытқымауға тырысыңыз.

Егер жүгіңізді номерде қалдырып кетсеңіз, оның сақталуына сіз жауап бересіз. Әуежай мен қонақүй арасын және отел басшылығының трансфер ұсынатындығын тексеріп алыңыз.

Қосымша қызмет
Ыстық елге аттанғанда номеріңізде салқындатқыштың болуын анықтап алыңыз. Кейбіреулер үшін мини-бар мен сейфтің болуы маңызды. Алдын-ала терезеден көрініс туралы, қонақүй айналасындағы шу туралы анықтап алыңыз.
Егер жағажай демалысына тоқталсаңыз, жағалау мен қонақүй арақашықтығын, күн жаймалардың қалай берілетіндігін ескеріп алған жөн.   Спортпен айналыссаңыз қонақүйде жаттығу залы, бассейн, сауна және т.б. бар екендігін білу де артық етпейді.

Туристер пікірі
Қонақүй таңдау кезінде туристердің пікірі де себепші болады. Дегенмен де ақпаратты мұқият қарап алыңыз. Бір жыл бұрынғы пікірлер мен қысқаша мәліметке сене бермеңіз. Қонақтардың артықшылығы мен кемшілігін таратып жазған тұстарға көңіл бөліңіз. Қонақүй туралы толыққанды әсер алуға мүмкіндік береді.

Дереккөзі: http://7kun.kz/
нравится:    1206
Теги: Саяхатшыларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии