Кербез
19 маусым 09:23
Демалысқа барарда шабаданға заттардың бәрін қалай сыйдыруға болады?
Өзіңізбен бірге соншалықты зат алып кетуіңіз қажет: киім, аяқ киім, косметика, жағажайда киетін киімдер және басқа да миллиондаған таусылмайтын заттар бар... Бір шабаданға бәрін қалай сыйғызуға болады?



Ең алдымен, тағы бір мәрте алып кетуге қажетті заттарды қарап шығыңыз. Мұндағы басты мақсат – артық нәрсені алмау!
Негізінде қыздардың апарған жарты шабадан киімі, сол қалпы тұратыны практикада дәлелденген.

Алдын ала қажетті заттардың тізімін жасап алыңыз, бұл анағұрлым жеңілірек. Шабаданға киімдерді жайғастыруда оны тығыз орналастыруға тырысыңыз – ол киімдер осылай жақсы сақталады.

БІРІНШІ ҚАБАТ

Шабаданның түбіне ұзын киімдерді орналастырғаныңыз жөн – бұл юбка немесе шалбар, тіпті джинсы болуы мүмкін. Жан-жағын бос қалыдырыңыз, периметрі бойынша белдіктерді орналастырыңыз – нәтижесінде олардың пішіндері дұрыс сақталады.
Шабаданның бұрыш-бұрышына шұлығымен бірге аяқ киімдеріңізді орналастырыңыз. Тазалық үшін әр аяқ киімді бөлек пакетке немесе медициналық бахилге салу керек.

ЕКІНШІ ҚАБАТ

Екінші қабат – жеңіл киімдер, яғни футболка, шорты, жейделер. Олар өз қалпын жақсы сақтап, аз орын алуы үшін әрқайсысын жеке-жеке түйдектеп ораған дұрыс. Ол былай жасалады:

Жейдені немесе футболканы кереуетте ұзына ойы жайып, түймелерін саламыз.

Киімді ортасынан бүктейміз – жейденің не футболканың жеңдері бір-біріне сәйкес келуі тиіс.
Жеңдерін біріктіріп, киімнің үстіне қоямыз.

Киімнің шеткі бұрышынан бастап, қатты бума ретінде ораймыз.Киімдерді орама ретінде ораған кезде сызықтардың не түйіндердің болмауын қадағалаңыз. Егер оралған нәрсе тығыз болмаса, киім майысып, умаждалып қалатыны белгілі.
Қатты умаждалатын матасы бар киімдерді трикотаж матамен ауыстырып отырған дұрыс. Сондай-ақ мұндай киімдерді жібек не жұқа қағазға да орауға болады.



ҮШІНШІ ҚАБАТ

Ендігі кезек орама ретінде орналастыра алмайтын заттарға да жетті. Сыртқы киім, балалар ойыншығы, төсек жабындысы секілді көлемді заттарды вакуумды пакеттерде орналастырған орынды. Бірақ қайтарда маңайыңызда шаңсорғыш болмаса, оралған шабаданыңызға қосымша сөмкелер қосылуы мүмкін екендігін ұмытпаңыз.

Дәрі-дәрмекті аузы жабылатын, сырты суға берік қорапшаға салыңыз.

Үлкен көлемді косметика салғыштан бас тартуға тура келеді – өйткені олар көп орын алады және демалыс кезінде толық пайдаланылуы да екіталай.

Ұнайтын тауарларыңыздың кішкентай нұсқасын сатып алыңыз және жолға арналған қобдишаларды да сатып алуыңызға әден болады. Бұлар түрлі пішіндегі пластикалық қобдишалар, олардың көмегімен сусабыннан бастап үгілмелі опаға дейін тасымалдау мүмкіндігі бар.

Заттарға су тимес үшін косемтика және гигиеналық заттарды арнайы ілмегі бар полиэтиленнен жасалған пакеттерде сақтаңыз. Мұндай пакеттерді супермаркеттер мен шаруашылық заттарын сататын дүкендерден сатып ала аласыз. 

Егер демалыста өзіңізбен бірге әшекей бұйымдарыңызды ала баруды ойласаңыз, олардың қорапшаларын тастауға тура келеді, өйткені көп орын алатыны белгілі. Моншақтар мен алқаларды шұлықтың ішіне, ал сақина мен сырғаларыңызды дәрі-дәрмек салған пластикалық қобдишаларыңызға салсаңыз болады.

Ендігі кезекте, шабаданыңыз жасақталған кезде, оның бетін қалып қойған шалбарларыңызбен жауып, матасын мұқият түзетіп жіберіңіз.

Дереккөз: www.goodhouse.ru

Комментарии




Яндекс.Метрика