16 Август
20:17
Астана: 18 °C
Алматы: 33 °C
USD/KZT: 361.66
EUR/KZT: 409.51
RUB/KZT: 5.41
CNY/KZT: 52.36
Кербез
6 маусым 15:56
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Демалыста балалардың дұрыс тамақтануын қалай қамтамасыз етуге болады?
Демалу үшін курортты таңдаған кезде маңыздысы балалардың дұрыс тамақтануы. Диеталық мәзірдің болуына баса назар аударыңыз. Табиғи медицина орталығының диетологы Елена Тульчина оқырмандар үшін бірнеше пайдалы кеңес әзірлеген.

 
 
1. Тамақтану режимін сақтаңыз.
 
Жаңа климат – бала ағзасы үшін стресс. Сондықтан баланың әдеттегі тамақтану режимін сақтаңыз. Егер бала курортқа бірінші келген күні аз тамақ ішсе сұйықтықты көбейтіңіз. Және күн көзіне көп шығармаңыз.
 
«Курортта баланың асқазаны ауырмас үшін оның қалай тамақтанатынына назар аударыңыз. Табиғи өнімдерге басымдық беріңіз»-дейді диетолог. 
 
2. Үйренген тағамдар мен көкөністерді таңдаңыз.
 
Баланың таңғы асына ботқа, йогурт, жаңғақ пен құрғақ жемістер, ал түскі асына буға піскен ет немесе балық, көкөніс алыңыз. Кешкі асқа жеңіл тағамдарды таңдаған дұрыс.
 
3. Тәттіні аз жегізіп, суды көп ішкізіңіз
 
Жағажайда баланы тәтті мен газдалған сусыннан тыю қиын. Бала кейін қою тамақтан бас тартпас үшін оның тәтті жеуін қадағалап, біраз шектеу қойыңыз. Ал бала күніне бір кг салмаққа 30 мл су ішуі керек. Сондықтан жағажайға барғанда су құйылған бөтелкені бірге ала барып, арасында жұтқызып отырыңыз.
 
Дереккөз: https://tonkosti.ru/
нравится:    44
Теги: Аруларға кеңес, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Читайте также:

Комментарии