21 Август
12:18
Астана: 23 °C
Алматы: 21 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Мәдениет
20 шілде 15:45
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Деми Мурдың үйінде жас жігіт мерт болды
Бейтаныс азаматтың өлі денесі голливуд жұлдызы Деми Мурдің Калифорния штатындағы Беверли-Хиллзте орналасқан үйінің бассейнінен табылды деп хабарлайды People.





Оқиға болған кезде үйде актриса және оның отбасы мүшелерінің ешқайсысы болмаған екен. Оқиғаға куәгер ретінде Мурдың жеке көмекшісі тартылды.

Құқық қорғау органдарының ақпарына сүйенсек, 21 жастағы азамат жүзе алмаған, сол себепті аяғы тайып кеткен ол судан шыға алмаған сыңайлы. Оқиғаның жай-жапсары анықталуда.

«Мына жағдайды естіген кезде есімнен тана жаздадым. Оқиға орын алған кезде мен шетелде демалып жатқан болатынмын. Мен әлгі бейтаныс жігіттің қайғылы өліміне байланысты отбасы мүшелеріне көңіл айтамын...»,- деді Деми Мур.

52-жастағы Деми Мур Беверли-Хиллзте орналасқан үйің 2003 жылы сатып алған. Кейін оған қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оған қосымша  балалар үшін алты жатын бөлме қосылған болатын. Зәулім сарайдың жалпы ауданы 620 шаршы метрді құрайды.

Дереккөзі: dni.ru
нравится:    840
Теги: Кино және ТВ,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии