14 Декабрь
22:59
Астана: -21 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Әлем жаңалықтары
21 сәуір 15:55
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Демократиялық шешім: сот 77 адамды өлтірген лаңкесті оған салқын кофе әкелгені үшін қорғап шықты

Норвегия соты 77 адамның өмірін қиған лаңкес Андерс Брейвекті түрмеде ұстау шараларына қатысты өз шешімін тұтқынның пайдасына шешті, деп хабарлайды BBC News.  

Айта кетейік, биыл наурыз айында А.Брейвик өзін түрмеде ұстау шаралары адамгершілікке жатпайды деп сотқа арызданған болатын. Оның айтуынша, оған әкелінетін кофе салқын, ал ыстық тамақты микротолқынды пеште жылытады. Бұдан бөлек, террорист оның камерасына жолдас-лаңкестерді жібермейді, сондай-ақ PlayStation-нің ескі үлгісін қолданып жүрмін деп арыз түсірген. Террористің адвокаты Эистеин Стуррвиктің сөзіне қарағанда, Брейвекті түрмеде ұстау жағдайы адам құқықтары жөніндегі Еуропа конвенциясына қайшы келеді.

Сот Брейвиктің түрмеде жағдай жасауға қатысты наразылығын орынды деп тауып, үкіметті адвокатқа кеткен шығынды – 330 мың крон (40 мың доллар) өтеуге міндеттеді. «Сот түрмеде Брейвикке жасалынған жағдай адамгершілікке жатпайды деп шешті. Ондай әрекеттерге тыйым салу деморкатиялық қоғамның негізгі құндылықтары болып саналады. Ол адам қандықол қылмыскер немесе лаңкес болса да, аталған құндылық іске асуы қажет», - деді судья.

Айта кетейік, 2011 жылы шілденің 22-сі күні Брейвик екі терракт жасады. Алдымен ол Ослоның үкіметтік кварталында жарылыс ұйымдастырып, 8 адамның өліміне себеп болды. Одан кейін Норвегия жұмыс партиясының Утойя аралындағы жастар лагеріне барып, 69 адамды атып өлтірген. Жергілікті сот оны 21 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл заң бойынша қарастырылған ең жоғары мерзім. Оны уақыт келген сайын ұзартып отыру жоспарланған.
нравится:    806
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии