24 Июнь
20:53
Астана: 23 °C
Алматы: 22 °C
USD/KZT: 340.27
EUR/KZT: 396.31
RUB/KZT: 5.39
CNY/KZT: 52.39
Кербез
14 наурыз 18:00
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Дене қозғалысының тілі: Адамдарды қалай тарту керек?
Келіссөз жүргізудің алтын ережесін білесіз бе? Коммуникация процесінде ақпараттың қабылдануы 56%-ы спикердің сырт келбетіне (мимикасы, іс-қимылы, киімі),  37%-ы қалай сөйлейтініне, тек  7%-ы ғана оның не айтып тұрғанына байланысты болады.  Егер алдыңыздағы адамдарды бірден баурап алғыңыз келсе кеңесімізге құлақ түріңіз:


 
Бойыңызды дұрыс ұстаңыз

Біріншіден бұл әдемі. Өзін тік ұстаған адам әрдайым тартымды, өз-өзіне сенімді болады.

Қолыңызды қадағалаңыз

Қол қимылы көп нәрседен хабар береді. Қолдың мұрынға тиісуі өтіріктің белгісі. Сенім мен сенімділікті ашық алақан көрсетеді.

Әңгімелесушінің оң жағына тұрыңыз

Бұл кішігірім қулық сізге келіссөзде сенімді тұруға мүмкіндік береді. Адамды оң жағынан бақылаған ыңғайлырақ болады.
 
Әңгімелесушіңіздің көзіне қараңыз

Бұл кезде басыңызды тік ұстаңыз. Көзқарасыңыз мейірімді әрі сабырлы болуы тиіс. Бұл сенім ұялатады.
 
Күлімдеңіз

Әр күлімдеу шынайы болмайды. Оның шынайы не өтірік екенін білу үшін әңгімелесушінің көзіне қараңыз. Көз алдамайды.

Іс-қимылды көшіру

Егер әңгімелесушіңіз сіздің іс-қимылыңызды қайталаса диалогтың сәтті шыққаны.

Қашықтық сақтаңыз
 
Адамның жеке кеңістігін бұзу үлкен қолайсыздық тудырады. Оның аумағын келесідей:

Интимдік аумақ (15-45 см)
Бұл жеке меншік аумақ. Бұған ең жақын адамдар ғана өтеді (балалардың ата-анасы, жақын достар, туыстар).
  
Жеке аумақ (46 см - 1,22 м)
Мұндай қашықтықтар кештерде, ресми қабылдауларда, достық кездесулерде болады.
 
Әлеуметтік аумақ (1,22 - 3,6 м)
Мұндай қашықтық көп танымайтын адамдарға арналған. Мәселен жаңа жұмысқа келгендегі қашықтық.
 
Жария аумақ (3,6 м асатын) 
Қараңғы мезгілде бейтаныс адамдардың бұл аумақққа өтуі қорқыныш пен жағымсыз эмоциялар тудыруы мүмкін.
 
Қозғалып, іс-қимыл жасап тұрыңыз

Тіліңізбен ғана емес, денеңізбен де қарым-қатынас жасаңыз. Бас пен қол қимылы арқылы сенімділікті арттыруға болады.
 
Табаныңызды бақылаңыз
 
Екі аяғыңыздан нық тұрыңыз. Қозғалақтай беру сіздің сенімсіздігіңізді білдіреді.

Дереккөз: Сегодня
нравится:    97
Теги: Главная, Психология,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:

Комментарии