22 Август
11:33
Астана: 24 °C
Алматы: 19 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
23 қазан 10:07
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Денесінде суреті бар адамдардың моншаға баруына тыйым салынуда
Жапониядағы қонақүйлердің тең жартысына жуығында жаңа үрдіс белең алды. Енді мұнда денесінде сурет немесе түрлі таңбалары бар адамдардың қоғамдық монша немесе бассейндерге шомылуға келуіне тыйым салынуда, деп жазады The Telegraph.



Осы ретте жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша мұндай тыйымның тек жергілікті тұрғындар емес, туристерге де қатысты екендігі анықталды.  Қазір елдегі мейманхананың тек 31%-ы ғана денесіне жазу жазылып, таңба салынған адамдарды монша мен бассейндеріне еркін кіргізіп-шығаруда. Ал қонақүйлердің 10%-ы тек клиенттер денесіндегі сурет-таңбаларын киіммен немесе өзге жамылғымен жапқан жағдайда ғана кіргізеді. Басылым атап өткендей, жапон қоғамында татуировкалар Батыс елдеріндегідей кеңінен таралмаған. Ал жапондардың басым бөлігі денедегі суреттер мен таңбаларды якудза қылмыстық тобымен ғана байланыстырады.

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    922
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии