15 Декабрь
13:59
Астана: -14 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Спорт
26 мамыр 11:52
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Денис Тен мұзайдындағы шоуын өткізетін уақытты жария етті
Денис Тен мұзайдындағы шоуын өткізетін уақытты жария етті


Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің мұзайдындағы шоуы биыл Алматыда 20-21 маусым күндері өтетін болды. Бұл туралы Д.Тен өзінің Facebook-тегі ресми парақшасында хабарлады. Көптен күткен шоу Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында сағат 18:00-ге жоспарланған. Іс-шараның қатысушылары мен бағдарламасы алдағы уақытта нақты белгілі болады. Бірақ Денистің өзі қызу дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Айта кетейік, «Денис және оның достары: Олимпиада қуаты» атты былтырғы шоуға әлемге әйгілі Алексей Ягудин, Мао Асада, Дайске Тахакаши, Максим Траньков пен Татьяна Волосожар, Максим Маринин мен Татьяна Тотьмина, Стефан Ламбьель, Бриан Жубер, Каролина Костнер секілді мәнерлеп сырғанаушылар қатысқан болатын. 
 
Дереккөзі: 24.kz
нравится:    766
Теги: Спорт жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии