19 Август
09:27
Астана: 12 °C
Алматы: 19 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
16 мамыр 11:09
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

ДЕНСАУЛЫҚ: Диета кезінде қажетті дәрумендер


Артық салмақтан арылу үшін адамдардың көпшілігі төмен калориялы диеталар көмегіне жүгінеді. Ал кей адамдар сондай диеталарға аса әуестеніп, денсаулығына зиян келтіреді.
Тамақтың үлесін азайту, тәтті мен майлыдан бас тарту ешкімге зиян келтірген емес. Алайда жылдам нәтижеге жету үшін қажетті азық-түліктерден де (мысалы, ақуыздар) бас тартып жататындар бар. Ағзада зат алмасуды реттеп, теріні қалпына келтіріп және жасушаларды жаңартып тұруы үшін құнарлы тамақтану қажет. Әсіресе, түрлі дәрумендер өмірлік маңызы бар процестердің орындалуын қамтамасыз етеді. Ендеше, диета ұстағанда ағзаға қандай дәрумендер қажет?
Бұл туралы Массагет.кз жазады.
Қоректі заттардың тапшылығын нақты белгілерден анықтауға болады. А дәрумені жетіспесе, бұлшықеттер әлсірейді, тері сола бастайды. Сонымен қатар, А дәрумені көздің жақсы көруіне де қажет. Ағзада Е дәрумені аз болса, майлар жылдам қышқылданып, зат алмасу бұзылады. В дәрумені, әсіресе әйел адамдар ағзасына өте қажет. С дәрумені диета ұстамайтын адамдардың өзінде аз болады. Бұл дәрумен жетіспесе, тері құрғайды, күйзеліске ұшыратады, тіс қанап, шаш түседі.

Кей дәрумендерді ағза қажетті мөлшерде синтез жасайды. D дәрумені күннің әсерінен тері астында жиналады. Ол үшін күннің астына күніне бірнеше минут тұрғанның өзі жеткілікті. Дені сау ішек флорасы зат алмасуға белсенді қатысатын H дәруменін және сүйек тіні мен тамырларын қалпында ұстайтын К дәруменін өңдейді.
Ал А, Е, С және В тобының дәрумендері өздігінен синтез жасай алмайды. Сондықтан бұл дәрумендер қатарын тамақтан алу қажет. Толық емес тамақтануда немесе диета кезінде бұл дәрумендерді алу мүмкін емес болып қалады. Егер, денсаулығыңызды сақтағыңыз келсе, диета кезінде осы дәрумендер бар тағамды тамақтану үлесіңізден шығармаңыз немесе дәрігердің кеңесімен дәрумендік препаттарды қолданыңыз.
 
нравится:    712
Теги: Денсаулық, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии