22 Август
18:53
Астана: 27 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
13 маусым 11:22
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

ДЕНСАУЛЫҚ: Қара нанның пайдасы қандай?

Қара бидай наны әрқашан сұранысқа ие. Қара бидай әрқашан жақсы өнім береді, және бағасы да жоғары емес. Қара наның құрамындағы пайдалы заттар авитаминоз және көптеген ауруларды жеңуге көмектеседіғ деп жазады anabol.kz. Қара нанның пайдалы қасиеттерінін адамдар осы күнге дейін пайдаланады. Қара бидай нанының пайдасы қандай? - оқып көріңіз.
Қара нанның құрамындағы пайдалы заттар.
Ресейде аштық жылдары қара бидай нанын жеген адамдар ешқашан авитаминоздан зардап шекпеген. Бұл қара нанда ағзаның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жеткілікті пайдалы және маңызды заттары бар екенін көрсетеді.
Қара нанды жыл бойы пайдалануға болады, әсіресе қыста, себебі қыста ағза дәрумендер тапшылығын сезінеді. Қара нанның құрамын амин қышқылдары, минералдар, макро және микроэлементтер көптеп қамтиды. Қара нан темір және В, А, РР және Е дәрумендеріне бай.
Қара нан адамның тұрақты тұтыну өнімінің санатына жатады. Егер сіз қара нанды тұрақты түрде пайдаланатын болсаңыз, ағзаңызды токсиндерден және тұздардан тазарады. Қан тамырларынан артық холестериндер шығарылып, ағза токсиндертен тазартылады. Қара нан ас қорыту және асқазан-ішек жолының жұмысын қалыпқа келтіреді. Заманауи медициналық зерттеулер қара нанды көп пайдалану қатерлі ісік және қант диабетімен ауыру қаупін азайтатынын көрсетті.

Қара нанды асқазан және ішектің ойық жарасы бар адамдар үшін және асқазан қышқылы артып кеткен кезде пайдалануға болмайды.

Қара бидай нанымен емделудің дәстүрлі әдістері
Қара нанды халық медицинасында да пайдаланады. Қара нанды пайдалана отырып, түрлі ауруларды емдеудің тиімді әдістерін қарастырайық.
Балалардағы энурезді емдеу үшін: қара нанның бір бөлігін алыңыз және тұз себіңіз. Ұйықтардан алдында балаға жегізіңіз, мүмкіндігінше су бермеңіз. Аурудан айыққанша пайдаланыңыз.
Безеуден емделу үшін: қайнаған судың аз мөлшеріне қара нанды бұлаулап, бір шай қасық таза бал қосып, біртекті қоспа болғанша жақсылап араластырыңыз. Дәрі дайын. Безеу шыққан теріге жағып, 15 минуттан соң жуып тастаңыз. Бұл әдісті аптасына екі мәрте қолдану қажет.
Сүт безі обырын алдын алу үшін: әйелерге күніне 1-3 бөлікке дейін қара нанды тұтыну қажет.
 
ҚазАқпарат
 
нравится:    931
Теги: Денсаулық,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии