21 Август
18:01
Астана: 25 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
12 қараша 09:28
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Денсаулық мықты болу үшін үнемі шай ішу керек
Әлемде барша халық ортақ пайдаланытын сусындардың бірі - шай. Алайда, оны қанша мөлшерде пайдалану керектігі жайлы ғалымдар арасында дау әлі біткен емес. Мәселен, Голландияның денсаулық сақтау кеңесі күніне 3-5 кесе шай ішу керек деп есептейді. Бұл қан қысымын, диабет және инсульт қаупін төмендетуге көмектеседі, деп жазды The Telegraph. Алайда, оның оң әсерін біраз уақыт өткен соң ғана байқауға болады.



Мамандар қара және көк шайды кез-келген жаста шай ішуге болады. Кішкентай балаларға сүт қосылған шай беруге де болады. Алайда, ең пайдалысы көк шай болып саналады. Осыған дейін жасалған зерттеулер нәтижесінде көк шай құрамында ерекше аминқышқылы - теанин бар екені анықталды.

Бұл зат адамның көңіл-күйіне жақсы әсер етеді (күйзеліс жойылады). Сондай-ақ, оның құрамындағы антиоксиданттар обыр дертінің алдын алуға ықпалдасады. Бұл антиоксиданттар кеуде, өкпе, асқазан обырына (ісігіне) қарсы тұра алады. Кей ғалымдардың айтуынша, шай Альцгеймер (алжу) дертінен қорғап, холестерин деңгейін төмендетеді.

Дереккөзі: ҚазАқпарат 
нравится:    1192
Теги: Денсаулық, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии