18 Август
18:39
Астана: 21 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
2 ақпан 14:16
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

ДЕНСАУЛЫҚ: Тыртықтан қалай арылуға болады?


Түрлі себептермен болған жарақаттан қалатын тыртықтан арылу жолдары жетерлік. 
Солардың anabol.kz сайтында жазған бірнеше түрін ұсынамыз. 

Лимон шырыны


Лимон шырынын тыртыққа күнделікті жағып отыру керек. Бұл емді нәтиже шыққанша жалғастырыңыз. С дәруменіне бай лимон шырыны дөңкиіп тұрған теріні жұмсартып, орнына келтіреді және қызарғанын (кейбірі көгергенді) басады.


Алоэ вера


Ол терінің қайта қалпына келуін қамтамасыз етеді. Алоэ вера шырынында С және Е дәрумендерінің мөлшері көп. Олар теріні жасартып, емдейтін антиоксиданттар екені белгілі.


Аспирин


2 таблетканы ұнтақтап, қоймалжың болуы үшін 1-2 тамшы су тамызыңыз. Оны тыртыққа жағып, кеуіп қалғанда сумен жуып тастаңыз. Бұл емді күнделікті қайталаңыз.


Бал


Бал теріні қажетті дәрумендермен, минералдармен және антиоксиданттармен қамтамасыз етеді. Тыртық болып, қатайған теріні жұмсартып, терінің табиғи түсін қайтарады. Сондай-ақ, терінің жаңа жасушаларының түзілуіне әсер етеді.


Алма сіркесуы


Оның да қатайған теріні жұмсартатын, түсін қайта қалпына келтіретін әсері бар. Сондықтан, күніне бірнеше рет алма сіркесуымен тыртықты сүрту пайдалы.


Сарымсақ майы


Онымен де тыртықты емдеуге болады. Егер сарымсақ майы табылмаса, сарымсақтың өзін езіп алып, тыртыққа басу керек.


Дереккөзі: anabol.kz
нравится:    914
Теги: Денсаулық,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии