|    |  
12 желтоқсан 2019
06:05
қаз
Денсаулыққа зиян тигізбеуі үшін жеміс-жидекті қай уақытта жеу керек?
04 қазан 2017, 11:28 349
Әдетте «аш қарынға жеміс-жидек жеме» немесе «тамақтан кейін жеміс-жидек жеме» деген сөзді жиі естиміз. Осының аражігін ажыратып, дұрыс кеңес бермекпіз.


 
Жеміс-жидектің зияндылығы аш қарынға жегеннен немесе тамақтан кейін тұтынғаннан емес. Ол сіздің ағзаңыздың жағдайына және сіз жегелі отырған жемістің қышқылдығына байланысты.
 
 Асқазан-ішек жолдарында ақауы жоқ адамға жеміс-жидекті негізгі астардың арасында тұтыну қажет. Бұл асқазандағы қалыпты қышқылдылықты бұзбайды.
 
Ас қорыту жүйесі жақсы жұмыс істемейтін және қышқылдылығы төмен адамдарға жеміс-жидекті тамақ ішерге дейін 30 минут бұрын жеу қажет. Жемістердің құрамындағы қышқыл асқазан шырынын бөлуге көмектеседі. Бұл ас қорытуға оң ықпал етеді.
 
Асқазандағы қышқылдылығы жоғары адамдарға қышқыл жемістерді, алманы тұтынбаған абзал. Жемістерді тамақтанғаннан кейін жарты сағаттан соң жеу керек. Бұл қышқылды көтермейді. Қышқыл көбейіп кетсе гастрит, язва сынды ауруларға әкеліп соқтырады.
  
Қышқылдың көбеюіне қауын ғана әсер етпейді. Оны тамақ ішерден бұрын бір жарым сағат бұрын жеуге болады.


 
Жеміс-жидектің пайдасын қалай арттыруға болады?
 
- Тамақ ішіп алғаннан кейін жеміс-жидек жемеген абзал. Жеміс-жидекті тәуліктің кез келген уақытында жеуге болады. Бірақ тамақтан кейін емес.
 
- Егер жеміс жесеңіз, басқа тағамды тек 30 минуттан кейін ғана жеңіз.
 
- Жеміс-жидекті мүмкіндігінше тәуліктің бірінші жартысында жеген жөн. Олар қант деңгейін арттырады.
 
- Жеміс-жидекті қорытылуы қиын өнімдермен бірге тұтынбаған абзал. Мысал үшін қуырылған етпен.
 
- Банан мен авокадо — ауыр жемістер, оларды жатар алдында жемеген абзал.  
 
- Балғын жемістердің мұздатылғаны мен консервіленгені анағұрлым пайдалы.
 
  
Алмұрт


 
Алмұрт ауыр жеміс. Бірақ ол тәбетті ашып, ас қорытуды жақсартады. Егер асқазаныңыз ауыратын болса тамақты жақсы қорыту үшін оны тамақтанар алдында жеңіз.
  
Киви
 
Бірнеше кивиді түстен кейін тұтынған жақсы. Олар асқазандағы ауырлықты басады. Оны етпен, балықпен бірге жеуге болады. Бірақ сүт өнімдерімен бірге тұтынбаңыз.
 
Алма


 
Қант диабетімен ауыратын болсаңыз немесе асқазаныңыз ауыратын болса алманы тамақ алдында жемеңіз.
  
Жүзім


 
Жүзім жегеннен кейін су ішпеңіз. Себебі диареяға шалдығуыңыз мүмкін. Сондай-ақ қант диабетімен ауыратындарға жүзім жеуге болмайды.

Дереккөз: hochu.ua


Жаңалықтар