26 Май
18:17
Астана: 30 °C
Алматы: 27 °C
USD/KZT: 327.42
EUR/KZT: 383.51
RUB/KZT: 5.29
CNY/KZT: 51.26
Кербез
1 мамыр 11:59
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Денсаулыққа зиянын тигізбей, кофені қалай дұрыс ішу қажет

Кофе — алпауыт индустрияның бір бөлігі болып қалыптасқан, тек қана танымал сусын емес, көпшілігіміздің өмірімізде маңызды орын алатын элемент. Сіз бәлкім өз таңыңызды таңғы себезгіден емес, дәл осы хош иісті кофеден бастайтын боларсыз. Өйткені онсыз ояну да қиын, күні бойы сергек жүруіңізге кепіл екені де рас.
    
Алайда кофені көп мөлшерде ішу шынымен де денсаулыққа зиянды. Бұл құпия емес. Бірақ одан бас тарту да қиын. Және де әлеуметтік желілерде «бір айымды кофесіз қалай өткіздім» сынды флешмобтар күн санап артып келеді, мұның өзі кофеге дегені қорқыныш туғызатыны да белгілі.

Бәріміз де білетіндей, таза кофе метаболизмді тездетіп, сергектік сыйлайды, бірақ жүрек-қан тамыр жүйесіне әсер етеді, ағзадан кальцийді ығыстырады. Кофенің зиянын денсаулыққа тигізбей, оны тұтынудың кейбір маңызды жолдарын Сіздерге ұсынамыз.
 
Қантсыз ішіңіз


Қанттың тек қана дәм беруден басқа еш пайдасы жоқ екенін бәріміз де білеміз. Бір шай қасық қант калориясы жоқ сусынға (кофеде шамамен бір калория ғана бар) 30 килокалория қосатыны белгілі, бұл біздің бөксеміз бен белімізде қалады және одан құтылу да оңай емес. Егер де сіз тәтті емес кофені мүлде ішкіңіз келмесе, даршын, шәрбат, бал секілді тәттілерге мән беріп көріңіз, олар сіздің кофеңізге ерекше дәм сыйлайтыны анық.
 
Кілегей қосуды ұмытыңыз

Кофеге сүт өнімдерін қосудың дұрыс еместігін кофе дайындаушылардың көбісі айтып жатады, бұл кофе сусынының құрамына зиян тигізеді екен. Егер сіздің эспрессоңызға кілегей қосатын болсақ, жағдай күрделеніп кететіні де белгілі. Өйткені төрт түліктен алынған сүт өнімдері ағзада мүлде қорытылмайды. Кофеге сүт қосқанды ұнатсаңыз, табиғи сүттерді пайдаланғаныңыз орынды, олар соя, кокос, миндаль, банан сүттері.
 
Өзіңізді шектей біліңіз

Көптеген кофемандар кофе артық болмайды деп жатады. Дегенмен де күніне бірнеше шыны аяқ кофе ішудің денсаулыққа зиян екенін де ұмытпаған жөн. Ол біздің жүйкемізге әсерін тигізеді, зат алмсуға да, тіпті біздің көңіл күйімізге де елеулі әсер береді. Кофені көп мөлшерде тұтына отырып, сіз өзіңізді жайсыз сезінуіңіз немесе жүйкеңіздің сыр беруі де ғажап емес.
 

Әркімнің өз нормасы бар, ең өнімдісі — күніне үш шыны аяқ кофе тұтыну.
 
Кофені дереу тоқтату керектігін қалай білген дұрысКофеге тәуелділіктің бар екені рас. Қара сергіткіш әсер беретін бұл сусын біздің жүйкемізге әсер ететін жеңіл есірткі өнімі іспетті. Егер сіз жүректің айнуын, жүректің жиі соғуын, асқазанның ауыруын, болмаса тынымсыздық, қобалжу сезінсеңіз, сіздің ағзаңызға кофе көп мөлшерде түскен болуы әбден мүмкін. Дереу тоқтату керек.
 
Сонымен қатар, егер әр таңыңызды бір шыны аяқ кофесіз елестете алмасаңыз, онда оны қысқартқаныңыз дұрыс. Бұл – тәуелділіктің белгісі.

Дереккөзі:​hochu.ua
нравится:    44
Теги: Аруларға кеңес, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:
Загрузка...

Комментарии