12 Декабрь
10:31
Астана: -19 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Туризм
7 қазан 15:48
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Дэнсия - түрлі-түсті тау шатқалы
Дэнсия (Zhangye Danxia) ландшафты түрлі-түсті тау шатқалы. Ол 2009 жылы Chinese National Geography журналының нұсқасы бойынша Аспан асты елінің жаратылысы керемет табиғи мұрасы ретінде танылған.
Саябақ Ганьсу провинциясының Чжанъе қалалық округымен басқарылатын Сунань мен Линьцзэ уезділерінде орналасқан Циляньшань тау жотасының солтүстік жағында орналасқан. 
Саябақ территориясының орта жағы, Линьцзэ Данься көркем ауданы Чжанъе қаласынан орталық-батысқа қарай 30 км және Линьцзэ уездінен орталық-оңтүстікке қарай 20 км қашықтықта жатыр. Бұл аумақ саябақтың ең танымал жері.



Саябақтың басқа көркем ауданы - Бингоу, Лиюань өзенінің солтүстік жағалауында орналасқан. Саябақтың бұл аумағы ресми түрде 2014 жылдың 3 тамызында ашылды. Бингоу 300 км² тең аумақты алып жатыр, оның биіктігі теңіз деңгейінен 1500 бастап 2500 метрге дейін. Саябақтың үшінші көркем ауданы - Сунань Данься Линьцзэ уездінен оңтүстікке қарай Ганьцзюнда орналасқан.




Чжанъе Данься тау жыныстары ерекше түстерімен белгілі, олар тегіс, өткір және бірнеше жүз метр биіктікке жетеді. Олар 24 млн жыл бұрын құмдауық пен басқа пайдалы қазбалар шөгінділерімен қалыптасқан. Нәтижесінде қатпарлы бәлішке ұқсас Гималай бөлігін қалыптастырған тектоникалық қозғалысымен туындаған. 

2010 жылы Дэнсия ландшафты түрлі-түсті тау шатқалы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне кірген. 2011 жылы  қараша айында  түрлі-түсті тау шатқалдары ұлттық геобақ мәртебесіне ие болды.



Дэнсия ландшафты түрлі-түсті тау шатқалынан тұрады, қай мезгілде болмасын өзінің әсемдігін жоғалтпайды. Ғалымдардың айтуынша, тау шатқалы сонау мезозой дәуірінен бері бар.  




Чжанъе Данься геобағын тамашалаудың ең қолайлы кезеңдері  маусым мен қыркүйек айлары болып есептеледі. Түрлі-түсті тау шатқалдары  күннің шығу мен батуы кезінде керемет көрініске ие болады.





Бүкіл дүниежүзі туристері Қытай елінің Ганьсу провинциясына бас сұқпай кетпейді.  Бұл жерде туризм индустриясы өте жақсы дамыған. Алайда ерекше қорғалған аумақта өздігімен зерттеулер жүргізуге тыйым салынған. Қорғалған аумақ бойынша серуендеу тек экскурсиялық автобустар жүретін аумақ шеңберінде ғана мүмкін болады. Ландшафты түрлі-түсті тау шатқалын тамашалау үшін 40 қытай юанын (6 доллар) төлейсіз. Аталған аумақта экскурсия уақыты 2-3 сағатты құрайды.

































Дереккөзі : http://udivitelno.com/



 
нравится:    1409
Теги: Фото саяхат,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии