|    |  
13 қараша 2019
12:07
қаз
Диабеттің дамуы қаупін қалай төмендетуге болады
13 сәуір 2017, 15:10 33


Қытай және Британия ғалымдары жемістердің диабет ауруы қаупіне тигізетін әсеріне зерттеу жүргізді. Зерттеу нәтижелері PLOS Medicine басылымында жарияланды.

Белгілі болғандай, жемістер адам ағзасын диабеттің дамуынан қорғай алатынын және осы ауруға ұшыраған жандардың денсаулығындағы қауіптерді төмендетуге қабілетті екені анықталған.
Зерттеу барысында дәрігерлер шамамен жарты миллионға жуық адамның медициналық деректеріне талдау жүргізген. Мәселен, балғын жемістерді тұтынған адамдардың бойында диабетпен ауыру қаупі 12%-ға төмендеген. 

Бұл ретте, диабетпен ауыратын жандардың жемісті тұтынуы ықтимал кісі өлімі деңгейін 13-28%-ға төмендеткен. 


Дереккөзі: шетелдік БАҚ


Жаңалықтар