19 Декабрь
04:22
Астана: -20 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Кербез
1 шілде 16:29
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Диана – «жүрек ханшайымы»
Бүгін егер тірі болса  Уэльс ханшайымы Диана 54 жасқа толар еді.
Әуелгі есімі Диана Фрэнсис Спенсер 1961 жылдың 1 маусымында Сандрингемде, Норфолкта Джон Спенсердың отбасында дүниеге келген.
Чарльз бен Диананың тойы 1981 жылы, 29 шілдеде болып өтті, бұл той өте үлкен дәрежеде аталынып өтті. 1982 және 1984 жылдары жұбайылардың Уильям және Гарри атты ұлдары дүниеге келген болатын, ханшайымның екі ұлы әкелерінен кейінгі британдық тақтың негізгі мұрагерлері болып саналады.



Диана қайырымдылық және бітімгершілік қайраткерлігімен белсенді айналасты. Ол өз кезінің ең танымал әйелі болды, британдық хан әулетінің ең әйгілі мүшесі саналды, ханшының «жүрек ханшайымы» атағы да болды.
Ханшайым Диана, Диана ханым және Ди ханым ретінде аса танымал. 2002 жылғы, Би-би-си компаниясының жүргізген сауалнамасы бойынша, Диана тарихтағы ең ұлы британдықтар тізімінде үшінші орынға ие.



Атақты дизайнер Элизабет Эммануэль қолынан шыққан Динана ханшайымның үйлену той көйлегі көпшілікті тәнтті етті.  Бұл көйлекті Диана ханшайым 1981 жылы Чарльз ханзадаға тұрмысқа шыққан кезде киген болатын. Көйлегінің жамылғысының ұзындығы 7,5 метр болған. Көйлекке 10 000 меруерт тастары мен «Alexander McQueen» жылтырауықтары кеткен.  Көйлектің нақты бағасы белгісіз, алайда қазіргі кезде көйлектің бағасы өте құнды. 



Диананың өзіндік киім үлгісі сән әлеміне үлкен өзгерістер әкелді. Ол патшайым әулетінің құндылықтарына қарсы келетін қысқа көйлек, жеңіл кофталар киді.
Диананың арқасында Lady Dior сөмкесі ерекшеленіп, танымал адамдардың ажырамас аксессуарына айналды.
Lady Dior сөмкесі 1990 жылдардың ортасында Dior Үйін Джанфранко Ферре басқарып тұрғанда пайда болды. Сөмкеге танымалдылықты басқа иегер – Диана ханым әкелді. Сөмкенің атына да оның есімі тағайындалған. 



Диана ханшайымның сүйікті әшекейі інжуден жасалған түрлі заттар. Ол әшекейлерді барынша жарасымды тақты.  Диананың шаш қою үлгілері қысқа және барынша жаңа моделдере жақын болды. 



Ханшайымның киім сөрелерінен Versace, Chanel, Valentino, Jacques Azagury, Christian Lacroix сынды бренд үлілерінің киімдерін көптеп кездестіруге болатын еді.



Диананың  ең бағалы көйлегі 1985 жылы Ақ үйде америкалық актер Джон Джозеф Траволтамен билеген көйлегі болып есептеледі. Ханшайымның киімдерінің көбін Динананың Зандра Роудс, Виктор Эдельштейн, Брюс Олдфилд сияқты дизайнерлер тіккен.   















Дереккөзі: lady.tochka.net
нравится:    2197
Теги: Сән әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии