|    |  
11 желтоқсан 2018
00:47
қаз
Диетологтар бас тарту керек 7 тағамды атады
13 қараша, 17:17 159
Диетологтар күнделікті тұтынудан бас тартатын 7 тағамды атады. Сонымен ол қандай тамақтар?


 
Тәттілер



Қанттың ешқандай тағамдық құндылығы жоқ. Сондықтан денсаулыққа ешбір пайдасы жоқ тағамды тұтынудың қажеті жоқ. Сол себепті құрамында қанты көп торттардан, печенье, кәмпиттерден бас тартыңыз.

Диеталық тағамдар



Барлық диеталық тағамдарда май мөлшері азайтылып, орнына химиялық тәттілендіргіштер қосылады. Бұл ішекке зиян.
 
Өңделген ет



Өңделген еттерден (салям, хот-дог, шұжық) бас тартыңыз. Олардың құрамында консерванттар, жасанды бояғыштар, транс-майлар көп. Мұндай ингредиенттен денсаулыққа зиян. Себебі олар қандағы холестерин деңгейін арттыруы мүмкін.
 
Газдалған сусындар


 
Газдалған сусындардың құрасмында қант көп. Сондай-ақ жасанды ингредиенттер мен кофеин бар.
 
Кетчуп


 
Кетчуптың құрамында консерванттар мен қант көп. Оның орнына гарнир ретінде қызанақты қолданған жақсы.

Трансмайлары бар өнімдер



Трансмайлары көп өнімдер ағзаға сіңбейді. Олар пластик сияқты. Сол себепті ағзада кері процестер тудыруы мүмкін.

Маргарин



Маргарин адам денсаулығына зиян. Оның орнына кокос және зәйтүн майларын пайдаланған жөн.

Дереккөз: Сегодня


Жаңалықтар