18 Декабрь
11:04
Астана: -22 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Мәдениет
28 қазан 15:44
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕН ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ ӘНШІЛЕР ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСАДЫ

Бүгін түрік жұртының Ыстамбұл қаласында ABU TV Song фестивалінің төртінші кезеңінің ресми ашылу салтанаты өтеді. Азия-Тынық мұхиты одағының 52 ассамблеясы аясында өткізіліп отырған шараға елімізден Димаш Құдайберген қатысады.
Қазақстан әлемдік деңгейдегі әншілер қатысатын фестивальге биыл алғаш рет шақырылып отыр. «Славян базары-2015» халықаралық байқауының жеңімпазы «Әлемдік сахналарды қазақ әнімен бағындыруға болады. Сол себепті «Abu Music Song Tv» фестивалінде қазақтың «Дай-дидау» әнін орындаймын» деп атап өтті. Бүгін әлемнің бірқатар елінен жиналған әншілер концерт алды дайындықтарын пысықтады. Жоба ұйымдастырушылары түрлі жаңалықтарға толы биылғы фестиваль бұрыңғыдан өзгерек екенін еске салып, дайындық жоғары деңгейде екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Димаш Құдайберген биыл халықаралық «Славян базары» ән байқауында бас жүлде иегері атанды.

Ақпарат «Хабар» телеарнасының Түркиядағы тілшісі Ержан Жүністің фейсбук парақшасынан алынды.

Дереккөзі: baistars.kz
нравится:    949
Теги: Музыка,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии