22 Ноябрь
01:29
Астана: -13 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 330.29
EUR/KZT: 387.27
RUB/KZT: 5.56
CNY/KZT: 49.80
Мәдениет
14 қазан 16:00
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Димаш Құдайбергеннің анасы қырғыз халқының ризашылығына ие болды



Димаш Құдайбергеннің анасы Света Айтбаева Қырғызстанның super.kg порталына сұхбат беріп, көршілес елдің ыстық ықыласына бөленіп, ризашылығына ие болды.

Сұхбат барысында Димаштың өнердегі жолын ашқан конкурстардың бірі - Ыстықкөлде өткен «Мейкин Азия» халықаралық ән байқауы екенін тілге тиек ете отырып, қырғыз халқының әндеріне, олардың өнерге деген құрметіне өз бағасын беріп өткен Света Айтбаева өзі де кейде қырғыз тілінде ән салатынын атап өтті. Сөзінің дәлелі ретінде, өз репертуарындағы әндердің бірін орындап берді. 

Сұхбаттың негізгі арқауы әлем таныған Димаштың өмірі мен шығармашылық жолы болды. Жас жұлдыздың кезінде Қырғызстанда білім алғысы келгені де сөз болған. 

Сұхбат соңында жұлдыздың анасы қырғыз халқының өнеріне тәнті екенін айтып, көрші елдің халқына береке-бірлік тіледі.

Сұхбатты порталдың ресми сайтынан және әлеуметтік желілерден көріп, тамашалаған қырғыз ағайындар екі елдің арасын жалғап тұрған рухани көпір - өнерге, соның ішінде Димаш Құдайбернің өнеріне өз ризашылықтарын танытып, оң пікірлер жазып қалдыруда.

нравится:    205
Теги: Жұлдыздар әлемі, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии