|    |  
21 қараша 2018
00:47
қаз
Димаш Құдайбергенов Кремльде өтетін концертте өнер көрсетеді
18 ақпан, 16:33 1765

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов Кремльде өтетін Халықаралық әйелдер күніне арналған концертте өнер көрсетеді.

Жыл сайын өтетін мерекелік шараға Ресей эстрадасының жұлдыздары қатысады. Олардың ішінде Валерий Меладзе, Николай Басков, Иосиф Кобзон, Леонид Агутин, Анжелика Варум, Кристина Орбакайте, Сергей Лазарев, Игорь Николаев, Лев Лещенко, Сергей Трофимов, Александр Кузьмин сияқты танымал тұлғалар бар. Әншілер белгілі композицияларын орындай отырып, әйелдер қауымын мерекемен құттықтайды.

Еске салайық, Димаш Құдайбергенов Витебскте өткен "Славян базары-2015" халықаралық байқауында жеңімпаз атанған еді. Ол, сонымен қатар, "Шығыс базары" және "Мейкин Азия" байқауларының Гран-при иегері.

massaget.kz
Теги: Музыка
Жаңалықтар