|    |  
24 қыркүйек 2019
15:57
қаз
Димашты сынаған Нұртас Адамбайдың өзі қатты сынға ұшырады
03 қыркүйек 2019, 13:05 216
Белгілі продюсер Нұртас Адамбай фейсбук желісіндегі парақшасында Димаш Құдайбергенге қатысты бірнеше сын айтқан болатын.


 
«Меніңше Димаш Игорь Крутоймен бекер байланысты. Ол қазір қымбат уақыты мен энергиясын оның концерттері мен туған күнінде көңіл көтерумен бекер өткізіп жүр. Оған Америка штаттарына бағыт алу керек еді. Ең жақсы шоу-бизнес сонда. Бұл жағдай маған кезінде Головкиннің Юниверсал компаниясымен байланысыпы, бірнеше жылын Германияда жоғалтқанын елестетеді. Крутойға Димаштың не үшін керек екені түсінікті. Ал ол Димашқа не үшін қажет? Ол екінші Басков немесе Киркоров болайын деген жоқ шығар. Менің ойымша, оған пост-кеңестің серіктестерді тастап, батыста жұмыс істеу керек. Тағдыр осындай талант берген соң оны барынша пайдалану қажет»-деген.
 
Продюсер сондай-ақ Димашқа өз клиптерінің режиссерлерін ауыстыру қажеттігін де айтқан. «Шынымен керемет видеолар түсіріп жүрген отандасымыз Айсұлтан Сеитовты неге шақырмасқа?»-дейді ол.

Нұртастың бұл пікірлерін желі қолданушылары қызу талқылап, түрлі пікір білдіруде. Көпшілігі оның өзін қатаң сынға алған. «Мықты болсаң өзің Диамштың деңгейіне жетіп ал», «Димашты көре алмаған адам айтады мұндай пікірді»-дейді оқырмандар.
 
Нұртастың бұл сынына Димаштың әкесі қанат Айтбаев та жауап берген. «Ешкімнен ақыл сұраған жоқпыз. Өз жұмыстарыңызбен айналысыңыздар. Біздің өз жоспарымыз бар. Рахмет»-деген.



Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар