|    |  
11 желтоқсан 2019
04:56
қаз
Динара Қырықбаева Гүлнұр Оразымбетоваға келін болды
25 мамыр 2015, 10:13 85
24 мамыр күні әнші Динара Қырықбаева Олжас есімді жігітке ұзатылды деп хабарлайды Comode.kz.

Қазақ жұлдыздарының желідегі парақшасы Динараның ұзату тойындағы суреттерге толды. Әнші қыз өнердегі біршама әріптестерін тойға шақырыпты.


Қонақтардың қатарында Мирас пен Құралай, Гүлнұр Оразымбетова, Ринго тобы, Жолбарыс Сейфуллин, Меруерт Түсіпбаева және тағы басқалары бар. Тойды Динара мен Олжас бірге ән айтып ашып берді. Әрі қарай белгілі асаба, актер, шоумен Азамат Сатыбалды жүргізді.


Беделді, үлкен мейрамханада аталып өткен тойда Динара ханшайымдар секілді, басына тәж киіп, үстіне қымбат көйлектің бірін ілген.

Айтпақшы, қалыңдық танымал әнші Гүлнұр Оразымбетоваға келін болды.

Дереккөз: Nur.kz


Жаңалықтар