17 Август
21:41
Астана: 23 °C
Алматы: 20 °C
USD/KZT: 332.70
EUR/KZT: 389.99
RUB/KZT: 5.59
CNY/KZT: 49.72
Әлем жаңалықтары
7 сәуір 12:34
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Діни басқарма пәтуасы: «Азаматтық некеге» үкім қатал


Жуырда Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңе­сінің ХІ отырысында азаматтық некенің үкіміне қатысты пәтуа қабылданды, деп хабарлады ҚМДБ-ның баспасөз қызметі.

Пәтуаның толық мәтіні төмен­дегідей:

«Соңғы кезде қоғамда ер мен әйелдің ерікті түрде бір-бірін сынау мақсатында некесіз қосылып, ата-ана, туған-туыстарына жарияламай ерлі- зайыпты болып бірге тұратын «азаматтық неке» ұғымы пайда болды. Кейбіреулер оны «еркін махаббат» немесе «іс жүзіндегі неке» деп те атайды. Алайда, некесі қиылмаған «азаматтық неке» шариғатта неке­сіздікке жатады. Себебі, АХАЖ бөлімінде ресми тіркелмей немесе мұсылманша неке қиылмай жақындасу зина ұғымына кіреді. Осылайша, екі тарап «ерлі-зайыпты болуға дайын­дық, тәжірибе» деген желеу­мен ауыр күнә болып саналатын зи­нақорлықты ақтауға тырысады. Негізінде, мұсылман шариғатында халал мен харам анық ажыратылып көрсетілген.

«Азаматтық некенің» шари­ғатқа қайшылығы мынадай:

Азаматтық некеде неке қиыл­май ер мен әйел төсек қаты­насына барады. Ал неке қиылмай төсек қатынасына бару шариғи тұрғыдан зинаға жатады. Зина шариғатта үлкен күнә болып есептеледі. Алла Тағала Құран Кәрімде зинаға мүлде жоламауды қатаң ескерткен:

«Зинаға мүлде жоламаңдар. Шын мәнінде, ол – анық арсыздық әрі ең жаман жол» («Исра» сүресі, 32-аят) делінеді.

Азаматтық некенің салдарынан дүниеге келген бала ойнастан туған болып есептеледі.
Дүниеге келген сәби шариғи тұрғыдан мұрагерлік, қамқорлық құқықтарынан айырылады.
Сәбидің ата-анасы шариғат бойынша зинақор деген атауға ие болып, Алланың құзырында ауыр есепке тартылады.
Отбасылық жауапкершілік сақталмайды. Негізінде, ер-аза­матқа отбасын асырап-бағу, нә­пақа табу міндеті жүктеледі. Ұр­пақ тәрбиесі, үй шаруашылығы әйел­дің еншісінде. Ал азаматтық некеде мұндай жауапкершілік мүлде сақталмайды. Олар, бар бол­ғаны, бір-бірін сынау, тә­жірибе мақсатымен ғана бірге тұрады.
Жетесіз нәсілдің қалып­та­суына апарып соқтырады. Себебі, қазақ жұрты өзінің тегін, ұлтын білмейтін ұрпақты жеті атасын білмегенді «жетесіз» деп атаған.

Үкім:

АХАЖ бөлімінде ресми тір­келмей немесе мұсылманша неке қиылмаған «азаматтық неке» – зина болып саналады.
Жоғарыда аталған теріс сипаттағы «азаматтық некенің» шариғаттағы үкімі – харам.
Мұсылман баласы арты опық жегізетін мұндай ауыр әрі лас күнәдан аулақ болуы тиіс».


Дереккөзі: "Егемен Қазақстан" газеті
нравится:    655
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии