17 Декабрь
12:11
Астана: -19 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
14 шілде 17:00
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Діни шараға келген жұрт бір-бірін таптап өлтірді
Үндістанның оңтүстік-шығысында діни шараға келген жұрт бірін-бірі таптап, алты адам қаза тапты, кем дегенде 10 адам түрлі деңгейде жарақат алды деп жазды Indian Express басылымы.



Қайғылы оқиға Андхра-Прадеш штатындағы Годавари өзенінің жағасында болған. Индуизм ағымындағы діни рәсімдердің бірі ретінде күнәсінен арылу үшін жұрт дарияға жапа-тармағай ұмтылған. Осы сәтте өзеннен шыққан адамдар оларды таптап кеткен.

Чандрабабу Найд штатының Бас министрі де таңертең қасиетті орынға зират еткен болатын. Аталған қайғылы жағдайды реттеу үшін, оқиға орнына құқық қорғау органдарының қосымша қызметкерлері аттандырылды.

Ұйымдастырушылар 12 күнге созылатын аталған діни шараға 10 миллион адам қатысады деп жоспарлаған еді.

Дереккөзі: РИА Новости



 
нравится:    692
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии