15 Декабрь
10:37
Астана: -22 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Туризм
23 мамыр 17:24
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Длоуге Стране туристер көп келетін орынға айналды
Чехияға осы жылдың алғашқы тоқсанында келген туристердің саны 3 млн 300 мыңнан асқан. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 12 пайызға көп.



Жергілікті билік биыл шетелдік саяхатшыларды көптеп тартуды көздеп отыр. Оларға жанға жайлы шипажайлармен қатар, елдегі ерекше су электр стансасына да экскурсия жасау ұсынылып отыр.

Длоуге Стране – Чехиядағы ең үлкен су электр стансасы. Ол теңіз деңгейінен 1353 метр биіктікте орналасқан. Соңғы уақытта туристерге кеңінен танымал орынға айналғандықтан, мұнда арнайы қатынайтын автобус бағыты да бар. Тіпті, стансаның жерасты бөлігіне экскурсия жасауға да болады. Қалауына қарай 17 шақырымдық аумақты велосипедпен шарлап шығатындар да аз емес. Жыл сайын ағылып келетін саяхатшылар саны 80 мыңнан асып жығылады.



Дереккөзі: 24.kz
 
нравится:    657
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии