21 Сентябрь
00:20
Астана: 18 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 341.61
EUR/KZT: 410.27
RUB/KZT: 5.90
CNY/KZT: 51.98
Әлем жаңалықтары
8 қаңтар 09:17
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Dolce & Gabbana сәнгерлері хиджаб тігуді қолға алды


Әйгілі әлемдік ​итальяндық Dolce & Gabbana сән үйі мұсылман әйелдеріне арналған киімдер тіге бастайды деп хабарлайды Daily Mail сілтеме жасай отырып Лента.ру.
 әрқашан ерекше идеяларымен және дизайнерлік тапқырлықтарымен көзге түсіп жүреді.

Бұл жолы Дольче мен Габбана Таяу Шығыс аруларының арманын орындады. Олар хиджаб және ұзын жеңді көйлектердің шектеулі топтамасын шығыс бойжеткендеріне ұсынып отыр. Сәнгерлер киімдердің жанкүйер қыздардың көңілінен шығатынына үмітті.

Dolce&Gabbana сән үйінде әзірленген абай киімдері ең сапалы итальян жібек матасынан тігілген және қара, ашық түсті түрлері бар. Дизайнерлер мұндай киім үлгісімен үндесетін сөмкелерді ұстауға және оны күннен қорғайтын көзілдірікпен үйлестіруге кеңес береді.
 Алайда  аты аңызға айналған Dolce&Gabbana сән үйінің бұл бастамасын еуропалық әлеуметтік желіде сынаушылар жетерлік.

Еске салай кетейік, Хиджаб (араб.: حجاب‎ — «қалқан», «шымылдық») — мұсылман әйелінің көшеге шыққанда бетін, денесін жасыру үшін киетін киімі. Хиджабтың қара немесе басқа түсті ойық яки тор көз сақтауы бар желбегей іспеттісі (бетті немесе бүкіл денені жауып тұратын), бетті жауып тұратын қара селдір тор шымылдық секілді және т.б. түрлері болады.
нравится:    1189
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии