25 Сентябрь
14:09
Астана: 6 °C
Алматы: 13 °C
USD/KZT: 340.11
EUR/KZT: 407.93
RUB/KZT: 5.91
CNY/KZT: 51.61
Әлем жаңалықтары
1 сәуір 11:38
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Домбыра мен қобыздың әуезді әуені еуропалықтарды тағы бір тамсандырды (ВИДЕО)

Венада қазақстандық өнерпаздардың концерті өтті. Ұлттық өнер университетінің музыканттары Құрманғазының күйін, Біржан салдың шығармаларын орындап шетелдік қауымды тәнті етті, деп хабарлайды khabar.kz.  
Моцарттың әуендерін қобыз бен домбырада орындаған өнерпаздар австриялықтарды таң-тамаша қылды. Моцарт, Штраус мен Шуберт секілді ұлы композиторлардың еліне келіп, өнер көрсетудің салмағы екі есе зор. Өйткені классикалық музыканы тыңдап үйренген бұл көрерменді таң қалдыру оңай шаруа емес.  Алайда қазақстандық әртістер абыройды қолдан бермеді. Алғашқы минуттан-ақ залды баурап алды.  Еуропалықтар үшін бұл музыкалық аспаптардың барлығы бейтаныс. Күмбірлеген домбыра немесе үні скрипкаға ұқсайтын қасиетті қобыз - австриялықтар үшін экзотика. Ұлттық өнер университетінің репертуары қазақ музыкасының маржандарынан құрылған. 
«Халық оркестрі халықтың музыкасын ойнайды. Алайда концерт соңында біз ұлы классиктердің бір-екі үздік шығармасын қосып, халықтық оркестрдің мүмкіндіктері шексіз екенін байқатуға тырысамыз.  Мұндай Моцартты австриялықтар бұрын-соңды естімеген болар. Әуеннің алғашқы нотасынан-ақ зал ду ете қалды. Көрермен қошеметінің арқасында біздің өнерпаздар «Түрік маршын», итальяндық операны, тіпті неміс тіліндегі шығарманы сәтті орындап шықты.  Қалың қауымның әсері жүздерінен-ақ байқалып тұрды»,-дейді ҚР Халық әртісі Айман Мұсақожаева
Қазақстандық әртістердің өнеріне кеше Словения қол соқса, бүгін Австрия, ал ертең Сербия қарсы алады.  Айман Мұсаходжаева жас өнерпаздармен бірге Еуропаға турне ұйымдастырмақ. Бұл концерттер Наурыз мерекесіне және Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналып отыр.  Талантты музыканттарды алда Түркия мен Италия сахнасы күтеді.  


​ҚазАқпарат
нравится:    809
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии