20 Август
06:15
Астана: 11 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
2 тамыз 11:14
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Дональд Трамп үшінші дүниежүзілік соғыстың басталуы мүмкін екенін мәлімдеді

 
АҚШ-тың Ресейден Қырымды тартып алып, Украинаға қайтару әрекеті үшінші дүниежүзілік соғысқа ұласуы мүмкін. Бұл туралы АҚШ президенттігіне үміткер Дрональд Трамп мәлімдеді.
 
Огайо сайлаушыларының алдында сөйлеген сөзінде ол Қырымның Ресейге қосылатынын білгенін айтты. "Мен мұны анық білдім. Бұл шамамен екі жыл бұрын, Обаманың кезекшілік уақытында болды» - деп, сөзінің соңын қалжыңға басқан.
 
Миллиардер журналистің Ресейдің Қырымға басып кіруі жөнінде қойған сұрағына: «Иә, мен айттым, бұл екі жыл бұрын болды. Сіздер қайтқыларыңыз келе ме, Қырымды Украинаға қайтару үшін үшінші дүниежүзілік соғыс басталғанын қалайсыздар ма?»-деп жауап берген.
 
31 шілдеде Трамп Қырым халқының Ресейдің құрамында болғысы келетінін айтқан болатын. Саясаткер сондай-ақ аталған аймақтың Ресей Федерациясына қосылуын Вашингтонның мойындағаны дұрыс дейді.
 
Мұның алдында ол президенттікке сайланған жағдайда Қырымды Ресейдің бір бөлігі деп тану және Мәскеуге салынған санкцияларды алу  мәселесін қарастыратынын айтқан еді.
 
Саясаткердің бұл мәлімдемесіне жауап берген Украинаның БҰҰ-дағы өкілі Юрий Сергеев оны клоун деп атады. 
 
АҚШ-тағы президент сайлауы биылғы 8-қарашада өтеді.
Ал, Қырым 2014 жылдың наурызында Ресейдің құрамына кірген. Түбектің тұрғындары референдумда Ресейдің құрамына кіруді қолдап, басым дауыс берген болатын.
 
Дереккөз: forbes.kz
нравится:    665
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии