23 Август
10:18
Астана: 22 °C
Алматы: 20 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Әлем жаңалықтары
4 тамыз 10:25
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Донбаста соғыс басталғалы бері 9,5 мың адам қаза тапқан

 
БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі басқармасы Донбаста соғыс басталғалы бері 9 553 адам қаза тауып, 22 137 адамның жарақат алғанын мәлімдеді. Аталмыш ұйым құрбан болғандар арасында бейбіт тұрғындардың көптігін атап өтті. БҰҰ-ның дерегінше биылғы жылдың маусым және шілде айларындағы құрбандардың орташа саны – 71 адамды құраған. Бұл алдыңғы тоғыз айдың көрсеткішінен асып түскен.  
Сондай-ақ ұйым өкілдері Украинаның қарулы күштері мен жасақ арасындағы қақтығыстар себебінен соңғы аптада жағдайдың одан сайын ушыға түскенін айтып отыр.
2015 жылдың ақпанында Ресей, Франция, Германия мен Украина басшылары «Минск келісімдерін орындау бойынша кешенді шаралар» атты құжатқа қол қойып, Украинаның оңтүстік-шығысындағы қақтығыстарды тоқтату туралы келісімге келген. Бірақ биылғы жылдың наурызында аталған елдердің СІМ басшыларының Париждегі кездесуінде жоғарыдағы келісімдерден нәтиже шықпағаны белгілі болды.  
Донбастағы қарулы қақтығыс 2014 жылдың көктемінде басталған болатын.
 
Дереккөз: planet-today.ru
нравится:    499
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии