24 Август
08:56
Астана: 17 °C
Алматы: 15 °C
USD/KZT: 333.32
EUR/KZT: 392.58
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.02
Әлем жаңалықтары
15 маусым 16:22
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Дөп-дөңгелек тауық жұмыртқасы сатылымға шығарылды


Британиялық омарташы, 63 жастағы Лесли Райт өзінің тауықтарының бірі дөп-дөңгелек жұмыртқа салғанын көргенде таң қалғанын жасырмайды. Зейнеркер енді оны eBay арқылы сатуды жоспарлар отыр.
 
Жұп-жұмыр дөңгелек пішінді жұмыртқадан алдымен омлет дайындамақ болған ол, мұндай сирек кездесетін жайттар Желіде үлкен қызығушылық тудыратынын ескеріп бұл ойынан аяқ астынан айнып қалады. Оның үстіне өзі Желіге орналастырған фото тез арада танымалдыққа ие бола бастады.

 

Публикация от @hura_cache

 


"Мен тауық жұмыртқасын Интернет желісінде жариялаған едім, әлдекім маған осыған ұқсас жұмыртқаның eBay арқылы £480 сатылғаны туралы деректің сілтемесін жіберді", - дейді ол. Осыны естіп-біліп алған соң, ол өзінің тауығы тапқан «шедеврді» сатылымға шығаруға бел буып, оны 480 фунттан жоғары бағалап отыр. Түскен ақшаны қайырымдылыққа – иттердің бигль тұқымын қолдауға жұмсамақ.



 

Публикация от @hura_cache

Публикация от @hura_cache

нравится:    148
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии