21 Октябрь
07:21
Астана: 6 °C
Алматы: 3 °C
USD/KZT: 335.24
EUR/KZT: 395.82
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.65
Спорт
22 маусым 11:53
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Допинг қолданған бірнеше палуан «Қазақстан барысынан» шеттетілді


Допинг «Қазақстан барысы» турнирінде де біраз дауға себеп болды.

Қазақ күресі федерациясының өкілі Тастанбек Есентаев төрт қатысушының мельдоний қолданғаны үшін "Қазақстан Барысы" турнирінен шеттетілгенін мәлімдеді.

Олардың арасында тіпті турнирдің 2013-ші жылғы жеңімпазы Айбек Нұғымаров та бар. Сондай-ақ Самир Мәмедов, Мереке Тұрашев пен Александр Косачевтің қанынан мельдоний препараты табылған.

"Біздің спортшылар халықаралық деңгейге шығу үшін WADA тексерісінен өтеді. Өкінішке қарай, "Қазақстан барысы" турнирінің төрт қатысушысы мельдоний қолданған. Олар жарыстардан шеттетілді", - деп хабарлады Тастанбек Есентаев.

- 2014 жылы да 4 спортшымызды дәл осылай допинг үшін «Қазақстан барысынан» шеттеткен болатынбыз. Қандай қиын болса да, әділеттілік керек. Біз де сол допингпен күресіп келе жатырмыз. Сондықтан осындай ауыр шешім қабылдауға тура келді, дейді Қазақ күресі федерациясының президенті Арман Шораев.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, палуандар допингке мамырда қан тапсырған. Ал, мельдоний адамның бойында бірнеше ай сақталады екен.
Жалпы, «Қазақ барысының» ақтық сыны келесі айда Астанада өтеді. Бұл жолы 30-ға жуық палуан белдеспек.
Чемпион белбеуін тағып, "Тайтұяқ" жүлдесін алатын биылғы жеңімпазға 25 миллион теңге ақшалай сыйлық, автокөлік пен Елордадан пәтер беріледі.

Ал, допингпен ұсталған Нұғымаровтан атағы мен сыйлықтары қайтарыла ма, ол жағы әзірге белгісіз.



 
нравится:    971
Теги: Спорт жаңалықтары, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии