20 Октябрь
05:31
Астана: 5 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 334.11
EUR/KZT: 394.65
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.46
Спорт
17 маусым 15:30
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Допингке байланысты шеттетілген ауыр атлеттерге шешім 27 маусымда қабылданады


27 маусымда Халықаралық олимпиада комитетінде тәртіптік комиссия допинг-тестінің оң нәтиже көрсетуіне байланысты уақытша шеттетілген ауыр атлеттердің мәселесін қарайтын болады. Оған дейін спортшылар кінәлі деп саналмайды. Бұл туралы ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков мәлім етті.
«Ресми ақпаратқа сәйкес, тексергеннен кейін біздің спортшылардың А және Б допинг-сынамаларын тексерген соң олар күмәнді көрінген. 27 маусымда Халықаралық олимпиада комитетінің тәртіптік комиссиясы бұл мәселені қарайтын болады. Оған дейін уақытша шеттетілді. Олар жаттығуға қатыса алады, бірақ ресми түрде ешбір жарысқа қатыса алмайды», – деді ҚР Сенат ғимаратында журналистердің сұрақтарына жауап берген вице-министр.
Оның айтуынша, комиссияда спортшылардың марапаттары туралы және Риода өтетін Олимпиада ойындарына қатысуы туралы мәселе қаралады. Егер жағымсыз шешім шығатын болса, спортшылар 20 күн ішінде қарсы шағым бере алады.
«Мұнан кейін шешім Халықаралық федерацияға жолданып, түпкілікті ұйғарып шығарылады. Тағы да қадап айтамын, сынамалар күмәнді. Комиссияның шешімі шықпайынша, спортшыларымыз кінәлі деп саналмайды. Біз бар күшімізді саламыз, спортшыларға құқықтық көмек көрсететін боламыз. Істі соңына дейін жеткіземіз», - деді Сәкен Мұсайбеков.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін еліміздің ауыр атлеттері: Илья Ильин, Светлана Подобедова, Зүлфия Чиншанло және Майя Манеза 2012 жылғы Лондонда Олимпиада ойындары кезінде допинг-сынамаларын қайта тексеру оң нәтиже беруіне байланысты жарыстардан шеттетілгені белгілі болды.
нравится:    851
Теги: Біздің мақтанышымыз,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии