|    |  
18 желтоқсан 2018
18:05
қаз
​Дөрекі адамдармен қалай араласу керек?
20 қараша, 14:57 108
Өмірде дөрекі адамдар көп кездесіп жатады. Олармен араласу үшін сабыр мен төзім керек. Олардың қасында көңіл-күйіңізді бұзып алмас үшін не істеу қажет? Кеңестерімізге құлақ түріңіз


 
Жаман ойламаңыз
 
Өзіңізбен дөрекі қарым-қатынас жасаған адамдарға қарағанда идеал адамның болмайтынын есіңізге түсіріңіз. Дәл қазір ол адамның қандай жағдайды басынан кешіп жүргенін білмейсіз. Сондықтан түсіністік танытуға тырысыңыз.
 
Алшақтаңыз

Жанжал жағдайында мүмкіндік болса кетіп қалуға тырысыңыз. Себебі ашуланып тұрған адаммен ұрысып, жағдайды ушықтырудың түкке де қажеті жоқ.
 
Өзгелердің жаман әдетін тыя алмайсыз

Дөрекілік кейбір адамдардың әдетіне айналып кеткен. Сондықтан сіз олардың әдетін қойғыза алмайсыз. Сол себепті де олармен салғыласып әуре болмаңыз. Тек іргеңізді аулақ салыңыз.

Өзіңіз үлгі болыңыз

Дөрекі адамдарға өзіңіз үлгі болуға тырысыңыз. Себебі олар қанша жерден дөрекі болса да өзгелердің көркем мінезін көріп, өздері ұялатын болады.
 
Дереккөз: Сегодня


Жаңалықтар