24 Сентябрь
20:00
Астана: 5 °C
Алматы: 11 °C
USD/KZT: 340.11
EUR/KZT: 407.93
RUB/KZT: 5.91
CNY/KZT: 51.61
Әлем жаңалықтары
13 сәуір 11:27
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Дрон - жаңа дәуір жетістігі
«Ұшқышсыз ұшатын аппараттар жақында ғана пайда болды» деген қате пікір. Олардың тарихы сонау 1849 жылы басталған. Австрия әскері Венециядаға көтерілісті басу үшін ұшқышсыз аэростаттар арқылы зеңбіректер лақтырған. Кейінірек бірінші дүниежүзілік соғыс  кезінде де ұшқышсыз ұшатын аппараттар қолданылған. Алайда, технологиядағы соңғы жетістіктердің арқасында мұндай құрылғылар адам өміріне араласа бастады. Сіздер дрондардың қорғаныс саласында, бейнетүсірілімдерде жиі қолданылып жүргенін жақсы білетін боларсыз? Ендеше,  назарларыңызға дрондардың адам өміріне тигізетін пайдалы тұстарын ұсынамыз.

1. Дрон — агроном


Бүгінгі таңда дрондарды тек қана құрқару саласында емес, ауыл-шаруашылығында да қолдануда. Үлкен егіс алқаптарын суару, тұқым немесе тыңайтқыштар себу үшін адам күші қажет емес. Мұның барлығын заманауи дрондар атқара алады.

2. Дрон — полиция


2013 жылдан бастап АҚШ полицейлері ұшқышсыз ұшатын аппараттарды қолдануға көшті. Түрлі апаттар болған жерлерде немесе іздеу салынған қылмыскерлерді іздеуге дрон таптырмас құрал екен. Оған орнатылған жоғары сапалы камералар түнгі уақытта да бейнебақылау жасай алады. Дегенмен, жергілікті тұрғындар тәртіп сақшыларының мұндай әрекетін құптамайды. Бұл олардың ойынша адамның жеке өміріне рұқсатсыз қол сұғу болып саналады. Мексикада қылмыскерлер дрондарды есірткі  тасымалдауға қолданған. Асқан қулықпен ойластырылған қылмысқа жергілікті билік қулықпен жауап берді. Олар дрондарды аулайтын дрон ойлап тауып, есірткі тасымалдаушыларды әшкерелеген.

3. Дрон — құтқарушы


Дронды пайдалану ешкімнің наразылығын тудырмайтын сала болса ол — гуманитарлық көмек көрсету саласы. Түрлі табиғи аппаттар кезінде көмекке зәру жандарды іздестіру, апаттың ауқымын анықтауда дрон таптырмас құрал. Гарвард және Массачусетк университеттерінің студенттері Африкада мұқтаж жандарға дәрі-дәрмек жеткізу үшін ойлап тапқан жаңа құрылғысы көпшіліктің қызығушылығын тудыруда. Тіпті бұл жобаға Билл Гейтс 100 мың доллар грант бөлді.  

4. Дрон — жауынгер


Жоғарыда айтып өткендей дрондар алғашқыда соғыс үшін ойлап табылды. АҚШ тарапынан туындаған қызығушылық  бұл аппараттардың 2001 жылдан бастап Ауғаныстан, Пәкістан, Йемен, Самали жерлерінде болған қақтығыстар кезінде қолданылған. PD – 100 Black Hornet деген атаумен белгілі  дронның салмағы небары 18 грамм. Алақанға сиятын бұл аппарат тыңшының қызметін атқарады.

5. Дрон — жедел жәрдем


Голландиялық студенттің ойлап тапқан өнертабысы ерекше. Болашақта ұшқышсыз ұшатын аппараттар — жедел жәрдем қызметін атқарады. Үлкен жол апаты болып, кептеліс туындаған кезде немесе қарапайым көлік жете алмайтын жерге дрон оңай жетіп барады. Мұндай дрондардың тікұшақтардан артықшылығы —  ұшқышты талап етпейді және үлкен орын алмайды.   

6. Дрон — қызметші


Сингапурда жұмыс күшінің жетіспеушілігінен мейрамханалар дрон сатып алуға мәжбүр болды. Енді тағамдарды даяшылар емес, ұшатып аппараттар жеткізеді. Сонымен қатар АҚШ-та бірнеше компания пица және басқа да заттарды жеткізуге дәл осы дрондарды пайдалануда. «Егер дрондар осы қарқынмен дами берсе болашақта қызмет көрсету саласын бұл аппараттарсыз елестету мүмкін емес болады» дейді мамандар. Айта кететін жайт, 2014 жылы АҚШ-та дрон мейрамхана өткізген іш-шарада бір көрерменнің мұрнын кесіп кеткен. 

el.kz
нравится:    909
Теги: Технология,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии