Әлем жаңалықтары
26 маусым 15:58
Дуананы 30 жылдан кейін адамдардың арасына күштеп қайтарған
Жапониялық Масафуми Нагасаки адам тұрмайтын Сотопанари аралында 30 жыл бойы жалғыз өмір сүрген.



Жақында оны күштеп адамдардың қатарына қосқан. Қазір ол Сотопанариден 60 шақырым жерде орналасқан Исигаки қаласындағы қарттар үйінде тұрып жатыр.

Оның тамағы, киімі, байланыс құралдары болмаған. Бірақ ол сондада осы аралда өлуді армандаған. Күнде таңертең тұрып спортпен шұғылданып, жағажайды тазалаған.

«Өзіме керектің бәрін осы жерден таба аламын. Мен ешкімге салмақ салмай, осы арада тайфун кезінде өмірден кеткім келеді»-дейді өзі.



Оның аралға келгенге дейінгі өмірі жайлы ақпарат жоқ. Журналистер оның әйелі мен екі баласы болғанын, фотограф болып жұмыс істегенін анықтаған. Ол бастапқыда қаланың өмірінен қашып, аралда екі жыл тұруды жоспарлаған көрінеді. Ол балықпен, тасбақалардың жұмыртқасымен қоректенген.

Дереккөз: Сегодня

Комментарии




Яндекс.Метрика