19 Август
09:30
Астана: 12 °C
Алматы: 19 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
18 мамыр 08:56
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Дубай соты қазақстандыққа қатысты үкім шығарды
2014 жылғы желтоқсанда дубайлық «Dubai Mall» метрополитені стансасында Қазақстан азаматы К.Б.-ның қатысуымен жайсыз оқиға орын алған. 49 жастағы Ақмола облысының тумасы сауда орталығының қай жерде орналасқанын БАӘ-нің әйел полицейінен сұрап білмек болады. Алайда отандасымыз тәртіп сақшысын өзіне қарату үшін дұрыс тәсіл қолданбай, оны екі рет иығынан тартқан. Бұл уақытта басқа азаматпен әңгімелесіп тұрған әйел полицей бұрылып қарап, оған дауыс көтере бастайды.


- Ол менен Dubai Mall қай бағытта екенін сұрады, мен оған жолды көрсеттім, ол мен түсінбейтін тілде жауап берді, - деген айғақ берді жәбірленуші.

Әйел полицей оны өзімен бірге учаскеге апармақ болған. Ол болса бас тартқан. Әйелге көмекке келген тағы екі полицей туристі учаскеге алып жүрмек болғанда, ол қарсылық көрсеткен.

Метродағы бейнебақылау камерасы оның әйел полицейдің иығына қолын тигізген тұсын түсіріп алған. Дубай соты осы видеоны оның қылмысқа кінәлі екендігіне дәлел ретінде пайдаланған. Қазақстандық азаматқа қатысты үкім шықты. Дубай сот билігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ҚР азаматы екі мың дирхам (550 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл төлеп, үш ай қамақта болады. Содан кейін араб елінен сыртқа шығарылады.

Қылмыстық іс басталғаннан бастап Дубайдағы және БАӘ солтүстік әмірліктеріндегі ҚР Бас консулдығы тергеу мен сот талқылауы барысын бақылады. Олардың тарапынан келеңсіз жағдайға тап болған отандасымызға қолдан келгенше материалдық-тұрмыстық көмек көрсетілді.
нравится:    591
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии