21 Октябрь
05:33
Астана: 6 °C
Алматы: 2 °C
USD/KZT: 335.24
EUR/KZT: 395.82
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.65
Спорт
22 тамыз 09:05
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Дүбірлі дода аяқталды: Қазақстан 22-орында

 
Жаһан жұртының жарғақ құлағы жастыққа тимей, төрт көзін түгел тіккен Рио-2016 ойындары аяқталды. «Маракана» стадионында ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының алауы өшірілді. Ендігі кезек Токиода.
 
Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындары 5-21 тамыз аралығында өтті. Жалпы командалық есепте АҚШ құрамасы жалпы саны 121 медальмен (46 алтын, 37 күміс және 38 қола) бірінші орынға, Ұлыбритания құрамасы 67 медальмен (27 алтын, 23 күміс, 17 қола) екінші орынға, Қытай құрамасы 70 медальмен (26 алтын, 18 күміс, 26 қола) үшінші орынға, Ресей құрамасы 56 медальмен (19 алтын, 18 күміс, 19 қола) төртінші орынға шықты.
 
Ал Қазақстан Олипмпиада ойындарындағы медаль саны бойынша 22-орынға тұрақтады. Ел қоржынында 17 медаль (3 алтын, 5 күміс, 9 қола). Еліміз жалпы медаль саны және күміс саны бойынша жаңа рекорд орнатты.
 
13 медальмен (4 алтын, 2 күміс және 7 қола) 21-орынды Өзбекстан еншілесе, 23-орынға 8 медальмен (3алтын, 2 күміс, 3 қола) Колумбия тұрақтаған.
 
Қазақстан құрамасынан алтын алғандар: Нижат Рахимов (ауыр атлетика), Дмитрий Баландин (суда жүзу) және бокстан Қазақстан құрамасының капитаны  Данияр Елеусінов; күміс алғандар: Жазира Жаппарқұл (ауыр атлетика), Елдос Сметов (дзюдо), Василий Левит пен Әділбек Ниязымбетов (бокс), Гюзель Манюрова (күрес); қола алғандар: Галбадрах Отгонцэцэг (дзюдо), Фархад Харки, Карина Горичева, Александр Зайчиков (ауыр атлетика), Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика), Эльмира Сыздықова және Екатерина Ларионова (күрес), Иван Дычко мен Дарига Шакимова (бокс).
 
нравится:    685
Теги: Спорт жаңалықтары, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии