19 Декабрь
02:09
Астана: -21 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
19 қазан 11:07
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Дублинге ұшқан ұшақтың жолаушысы көршісін тістеп, одан кейін қайтыс болды
 

Aer Lingus әуе компаниясының EI485 рейсімен Лиссабоннан Дублинге ұшқан ұшақтың бортында жолаушы қайтыс болды. The Irish Independent-тің хабарлауынша, оқиға жексенбі, 18 қазан күні орын алған.Екі сағаттық ұшу кезінде 24 жастағы ер адам үрейі ұшып, қасында отырған көршісін тістеп алды. Экипаж мүшелері ақылға қонымсыз әрекет жасаған жолаушының қолдарын бұрап тастады, ал әуе кемесінің капитаны шұғыл қону өтінішін жасаған. Көп ұзамай, ер адам өзін нашар сезініп, есінен танған.
Airbus A320-200 әуе кемесі сағат 17:40-та (Мәскеу уақытымен сағат 19:40) Ирландияның Корк әуежайына шұғыл қонған, деп жазады Лента.ру. The Irish Mirror-дың хабарлауынша, сол уақытқа дейін жолаушы жантәсілім еткен. Ұшақтың трапына келген дәрігерлер тістелген ер адамды қарап шықты. Ол ауруханаға жеткізілді.
Ұшақтың бортында 168 жолаушы мен экипаждың алты мүшесі болған. Олар Дублинге автобустармен жеткізіледі.
Алдын ала мәліметтерге қарағанда, қайтыс болған ер адам Ирландияның азаматы емес, ол елдегі ЖОО-ның бірінің студенті болған. 

Дереккөзі: ҚазАқпарат
 
нравится:    732
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии