24 Август
01:27
Астана: 16 °C
Алматы: 13 °C
USD/KZT: 333.32
EUR/KZT: 392.58
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.02
Кербез
23 желтоқсан 16:10
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Духовканы тазартудың оңай әдістері
Духовка жууды жақсы көріп, оны үнемі жуып отыратын әйелдің болуы екіталай. Көп жағдайда оған қолымыз да тимейді, бір жағынан ол істі оңай әрі тез деп айтуға тағы болмайды. Тамақтың қатып қалған бөліктерін кетіру көп жағдайда оңайға соқпайды.

Духовканы тазалаудың қарапайым әдістері  

Біз сізге арнап, духовканың тазалығын әдеттегі құралдардың көмегімен-ақ күтудің ең нәтижелі әдістерін жинап қойдық. 
1. Духовканы тазартудың ең оңай жолы — оның ластануына барынша жол бермеу. Ол үшін духовканың түбіне бір жапырақ жұқалтыр төсеп қою қажет. Сонда ас пісіргендегі барлық май соған ағып түседі. Біраз уақыттан кейін жұқалтырды жаңасына ауыстырып отыру жеткілікті.
2. Өкінішке орай, бүкіл духовканы жұқалтырмен қаптап шықпайсың. Қайткенмен де, духовканың қабырғаларын жууға тура келеді. Ол үшін апаларымыздың өздері тиімді әрі қауіпсіз затты – соданы пайдаланған. Оны суға езіп, сол пастаны ластанған беттерге жағыңыз, ал кепкеннен кейін абайлап, ылғалды шүберекпен сүртіп алыңыз — духовканың бетін қажағыш заттармен ысқылауға болмайды.
3. Тағы бір жақсы құрал — соданы сірке суымен араластыру. Ол үшін алдымен бетіне сода ерітіндісін жағып, үстінен сірке суын бүркіңіз. Сірке суы содамен әрекеттесе бастап, әсерін күшейтеді. Сізге бірнеше сағаттан кейін құралды ылғалды шүберекпен сүртіп алу ғана қажет.
4. Бірақ ең нәтижелі әдіс — духовкаларды тазартуға арналған арнайы құралды алу. Бірақ, қауіпсіздік шаралары туралы ұмытпаңыз! Міндетті түрде резеңке қолғап киіңіз. Егер сіз аэрозольдер мен спрейлерді таңдасаңыз, бүркіп отырған құралмен тыныстамауға тырысыңыз. Бар болғаны осы! Осындай қарапайым әрі тиімді құралдардың көмегімен сіздің духовкаңыз қайтадан тазалық ажарына бөленеді! Ол дегеніміз – онда ас пісіру бұрынғыдан да жанға жайлы болмақ!

Дереккөзі: kz.everydayme.com
нравится:    797
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии