Әлем жаңалықтары
8 ақпан 17:47
Дүкеннен сатып алған салаттың ішінен «құбыжық» шыққан


АҚШ-тың Мэн штатының тұрғыны Мишель Карр дүкеннен салат сатып аламын деп, ұшынып қала жаздады.

Тамақтану барысында ол қолындағы шанышқының қатты затқа тигенін байқап, көкөністер мен жапырақтардың арасынан өлі кесірткені көзі шалған. Мишельдің биолог досы кесірткенің бұл түрі Калифорния штатында мекендейтіндігін айтқан. Мишель сатып алған салат та сол жерде дайындалған болып шықты.



Мишель асқазанын шайдырып, салатты сатып алған дүкеннің үстінен шағым түсірген. Медбике болып қызмет атқаратын ол мұндай жайттардың немен аяқталатынынан жақсы хабардар. Қазіргі аталған жайтқа қатысты кезде тексеру шаралары жүріп жатыр.


Дереккөзі: http://120.su

Комментарии




Яндекс.Метрика