20 Август
07:56
Астана: 11 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
7 шілде 13:57
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Дүниежүзінде 21 млн адам құл ретінде саудаға салынған
Дүниежүзінде 21 млн адам құл ретінде саудаға салынған reaconaria.org Әлемде адам саудасы азаймай тұр. БҰҰ былтыр 100-ден астам мемлекеттен мәлімет жинап, 44 мың адамның мәжбүрлі түрде еңбекке жегілгенін анықтады. Сорақысы сол, оның тең жартысы әйелдер болса, 18%-ы балалар.



Ал халықаралық еңбек ұйымының дерегіне сүйенсек, дүниежүзінде 21 млн адам құл ретінде саудаға салынған. Осы істі кәсіп еткендер жылына 150 млрд доллар табыс табады екен. Еліміздегі жағдай да мәз емес. Қазақстанда соңғы 10 жылда 1,5 мың адам құлға айналып, зардап шеккен. Венада өтіп жатқан адам саудасына қарсы күрес жөніндегі альянстың 15-конференциясында осындай мәселелер көтерілді. Басқосуға қатысушыларының пікірінше, көбіне мұндай жағдайға босқындар мен заңсыз жүрген келімсектер тап болады. Тіпті, кәмелеттік жасқа толмағандарды Еуропаға әкеліп, қайыршылықпен және алаяқтықпен айналысуға мәжбүрлейді. Немесе «өсімдіктерді баптайсыңдар» деп алдап, есірткі егу жұмыстарына жегеді. Бұл аздай, лаңкестік ұйымдар да алдап өз тұзағына түсіреді екен. Мадина Жарбосынова, ЕҚЫҰ Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі арнайы өкілі: - Лаңкестік ұйымдар «қатарымызға қосылсаңдар 30 мың долларға дейін төлейміз» деп қызықтырады. Тіпті, алдын ала төлемді арнайы есепшотқа аударады. Бірақ ақша аударған есепшот жойылады. Кейіннен паспорттарын алып қойып, ешқандай қаражат төлемейді. Осылайша адамдар мәжбүрлі түрде құлдыққа салынады.

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    688
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии