24 Май
15:54
Астана: 0 °C
Алматы: 15 °C
USD/KZT: 326.00
EUR/KZT: 382.20
RUB/KZT: 5.29
CNY/KZT: 51.05
Кербез
12 наурыз 17:51
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Дұрыс таңдалған киім - табыстың кепілі
Әдетте киім сатып алу барысында не ұнайды, және ұнамайды, соны анықтап аламыз. Бірақ дүкен аралап жүргенде кейде одан басқа да факторлар ықпал етеді. Мысалы киімнің түсі – образды ашатын басты жайт, сондықтан дұрыс таңдау жасай білу керек. Швецариялық суретші Иоханесс Итен адамдарды түс таңдауларына қарай бірнеше типке бөледі: көктем, жаз, күз және қыс. Кейде бір адамның бойында бірнеше тип үйлесім табуы мүмкін. Қысқы және жазғы тип суық реңктерге жатса, күз және көктем жылы реңк саналады.



Әр тип үшін түсі, сырт келбеті, талғамына қарамастан гардероб жинауға болады. Ал типті анықтауды  қарапайым тәсілдерден бастайық. Терінің түсін анықтау. Терінің бар болғаны екі түрі бар: жылы және салқын. Бетіңізге екі боялған кесектерді жақындатыңыз, бірі салқын түсте, ал бірі жылы түсте. Енді қай түс сізге сай келетінін байыптаңыз. Теріңіздің түсін  анықтаған соң киім таңдау жеңілдей түседі. Егер сәнді әрі стильді көрінгіңіз келсе, бұл сіз үшін маңызды ақпарат болмақ.

Қыс
Бұл топқа жататындардың шаштары қара немесе қою қара түсті болып келеді. Ал көздері ашық түсті: қоңырқай немесе қою көк. Терінің түсі салқын немесе мәрмәрлі, ал еріндері ашық түсті. Кей жағдайда қараторы түсті адамдар да бұл топқа жатқызылады. Оларға ашық және бірыңғай түсті, тиянақты тігілген киімдер киюге кеңес береміз. Классикалық киімдер де жараса кететіні сөзсіз. Ал макияж барынша табиғи немесе сұсты, ал  ерін далабы қызыл түсті болсын.

Көктем
Бұл топтағы жандардың шаштары ашық қоңыр немесе алтын түстес келеді. Ал көздерінің түсі көкшіл, сұр немесе ашық қоңыр. Терілерінің түстері қызғылт, ақшыл. Киім таңдарда карамельді және алқызыл түстерге назар аударғандары жөн. Күн сияқты жылы әрі ашық түстер бұл топқа жататын жандарға жараса кетпек. Немесе қарапайым үлгідегі киімдерді таңдауға болады. Ал бетті әрлеуде нәзіктік сыйлайтын реңктерді қолданса жарасымды.

Жаз
Бозғылт алқызыл түсті тері иелері жататын бұл топтың адамдарының көздері сұсты келеді. Беттері табиғи қызғылт түсті, еріндері де алқызыл түсті болып келеді. Шаштары ашық түстен қоңырқай түске дейін боялуы мүмкін. Киім таңдауда романтикалық, үлкен көлем беретін көйлектер, белдемшелерге көңіл бөлгендері жөн. Классикалық шалбарлар мен жейделер де жарасымды. Алтын мен күміс әшекейлер сәніне сән қоса түседі.

Күз
Бұл аса жылы реңк саналады. Шаштары қызғылт түске ие, ал көздері әдетте көк немеса жасыл түсті. Терілерінің түсі де ашық түсті, кірпіктері көлемді келеді. Олар үшін таптырмас стиль – классика. Сары, құм тәріздес, қоңырқай түстегі киімдер мен жанға жайлы маталарды таңдағандары жөн.

Дереккөз: http://www.zhenskoeschastie.com

 
нравится:    87
Теги: Сән әлемі, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:
Загрузка...

Комментарии