14 Декабрь
02:51
Астана: -26 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 335.38
EUR/KZT: 394.07
RUB/KZT: 5.67
CNY/KZT: 50.67
Әлем жаңалықтары
21 сәуір 15:50
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Душқа жиі түсу денсаулыққа зиян емес пе?


Таңертең ұйқыңнан толығымен оянау үшін сергітетін душ қабылдағанға ештеңе жетпейді. Сонымен қатар, ауыр күннен кейін душтың астында тұра тұру да жанға сергектік сыйлайды. Көптеген адам күнделікті душқа түспесе жүре алмайды. Бұл тазалық пен эстетика ұғымдарымен насихатталып, заманауи қоғамда қалыпты дүниеге айналды. Бірақ жиі душқа түсу қаншалықты қажет және денсаулыққа зиян емес пе? 
"Көптеген адам душқа тазалық пен эстетикалық мақсатта түспейді. Душ оларды тазарақ және сау етеді деп сенеді, бірақ бактериологиялық зерттеулер мұны жоққа шығарады", - дейді инфекционист-сарапшы және Колумбия университетінің ғылыми жұмыстар бойынша деканның орынбасарыЭлейн Ларсон (ElaineLarson).
Бұл тұжырымды Джордж Вашингтон университетінің дерматология доценті Брэндон Митчелл (Brandon Mitchell) де растап отыр. Оның айтуынша көптеген адам душты тым жиі қабылдайды.
Жеке гигиенаға арналған түрлі химиялық құралдар пайдалану арқылы жиі жуыну теріні табиғи майларынан арылтады, сонымен қатар адамның табиғи иммундық жүйесін құртады, - Брэндон Митчелл.
Осы пікірді қаперде ұстауымыз керек сияқты, әсіресе антибактериалды құралдарда триклозан пайдаланылады деген соңғы жанжалдарды ескерсек.
Шын мәнінде душқа қаншалықты жиі түсу керек? Дәрігер Митчеллдің пікірінше, егер мәселе сіздің сыртқы келбетіңіз немесе иісіңізге емес - денсаулығыңызға байланысты болса - онда аптасына бір немесе екі рет түсу жеткілікті. Денеміздің табиғи құрылымы күнделікті тазалықты қажет етпейді - бұл керісінше зиян келтіруі мүмкін.
Әрине, түрлі жағдайлар болады, мысалы лас өнеркәсіпте жұмыс істейтіндер немесе физикалық еңбекпен айналысатындар душты жиірек қабылдауы қажет. Бірақ мұндай жағдайда да, Брэндон Митчеллдің айтуынша, жуынатын құралдарды көп пайдаланудың қажеті жоқ. Кір болған жерлерді ғана сабындаңыз, сонымен қатар қолтық асты мен интим аймақты ғана. Гигиена талаптарын орындау үшін және денсаулығыңызға зиян келтіріп алмас үшін осы процедуралар жеткілікті. 


Дереккөзі: bilim-all.kz
нравится:    847
Теги: Денсаулық,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии