|    |  
25 маусым 2019
12:52
қаз
Дүйім жұрттың алдында үш баласынан бас тартқан келіншек жаға ұстатты
31 мамыр 2019, 12:20 257
«Астарлы ақиқат» бағдарламасына келіп, үш баласынан дүйім жұрттың алдында бас тартқан Қапиза Шумаева қалың елдің жағасын ұстатты. Ол үш баланы үш ер адамнан некесіз туған. Үлкені Борис 14 жаста, екіншісі Жасмин 8 жаста, ал кішісі Айлин 4 жаста.

 
 
«Әр баланы туған сайын кері кетемін. Ақшаның бәрі балаларға кетеді. Ұлым менің ішкенімнен шаршады. Кейде маған қарап жылап жібереді. Кіші қыздың әкесі айына 10 мың алимент төлеп жүрген. Соңғы ай төлеген жоқ. Ол қызын мойындаған. Мен оған «Мен тусам да сенің қызың ғой, өзің алып кет» дегенмін. Бірақ ол керек емес деді. Ұлдың әкесіне жақында хабарластым. Биыл 14 жасқа толады. 14 жасқа дейін жеткіздім, енді әрі қарай өзің бақсаң болады ғой дедім. Сонда әкесінің айтқаны: «Балам есейіп қалыпсың ғой, енді өзің ер жетерсің» деді. Әкелерінің жаны ашымаса, менің жаным неге ашуы керек.Аборт жасағым келмегендіктен, осы балаларды тудым. Балалар үйіне хабарластым. Олар «Баланы жайдан-жай қабылдамаймыз. Сізді ата-аналық құқығыңыздан айыруы керек. Сот өтуі керек»-деді.

Қапизаның өзі өмірінде әкесін көрмеген. Жалғыз шешесінің қолында тәрбиеленген екен. "Мен бес жаста болған кезімде ата-анам ажырасып кеткен. Әкемді көрген емеспін. Анам мені жалғыз өзі өсірді. Бір баламен көшіп-қонып жүріп, 46 жасында аурудан көз жұмды"-дейді келіншек.

Ол тіпті ішкен кезінде үйіне еркектер әкелуге де арналбайды. Журналистің ұялмайсызба деген сауалына ішіп алса ештеңеден ұялмайтынын айтады. 

"Балаларым менің еркектерім туралы біледі. Бір-екі рет балаларымның көзінше үйге алып келдім. Енді, ішіп алған адам ештеңеден ұялмайды. Балалар менімен тұрғанша, жағдайы бар мемлекеттік орында тұрса деймін. Үш мезгіл тамағын ішеді, уақытылы жуынады.  Үш баланы өзім жалғыз асыраудан шаршап кеттім. Алматыда пәтер жалдап, қаңғып жүргеніме он жыл болды. Күнде ішемін»-деген келіншек еш шіміркпеген.
 
Бағдарлама соңында үш баланы Таразға Төленова Зульфия Сәттімбекқыызына беріп жіберді. Балаларымды алты айға уақытша бердім деген ананың сөзіне күмәнданғандар көп бірақ. 



Reactor


Жаңалықтар